Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
5112 8 пікір 26 Наурыз, 2021 сағат 13:27

Айсұлтан Назарбаев неден қайтыс болды?

2020 жылдың 16 тамызында Айсұлтан Назарбаев Лондондағы  саябақтардың бірінде ессіз жатқан күйнде табылып, кейіннен оның қайтыс болғаны белгілі болды.

Айсұлтанның өліміне қатысты ел арасында түрлі алып-қашпа әңгіме тарап, бірі ресми дерекке сенсе, енді бірі оған күмән келтірді. Алайда 24 наурызда Ұлыбританияның құпия өлімді зерттейтін ресми өкілі Айсұлтанның есірткіден өлгені туралы зерттеу нәтижесін жария етті.

Айсұлтан Назарбаев жылдар бойы есірткіге тәуелділікпен күрескені белгілі. Ол өмірінің соңғы жылдарында Facebook әлеуметтік парақшасында түрлі ақпараттар жариялап, Қазақстандағы жемқорлық фактілері туралы «нақтыланбаған» деректерді жазып, ел арасында үлкен дау да туындатқан болатын. Бірнеше сайтқа тікелей эфир арқылы сұхбат беріп, тіпті өзінің әкесінің өліміне қатысты да ойын білдірді.

Сараптаманы жүргізуші аға коронер Фиона Уилкокс болған. Ол тек сараптама жүргізіп қоймай, куәгерлер, полиция қызметкерлері және психиатрдан пікір де алған.

«Сараптама нәтижесі Айсұлтанның есірткіге тәуелділіктен өлгенін көрсетеді. Мен оны өз ажалымен өлді деп санаймын. Ол кокаинға тәуелділіктен қайтыс болды», - депті Уилкокс.

Айсұлтан Назарбаев - Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені. 1990 жылы 26 тамызда Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің отбасында дүниеге келген.

Ол Астанадағы «Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінде», сондай-ақ Австрияның «American International School» мектеп-интернатында оқыған. Ұлыбританияның «Royal Military Academy Sandhurst» оқу орнын бітірген. КИМЭП университетінің магистратурасын «бизнес-әкімшілендіру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2012 жылы ол Қазақстан Қорғаныс Министрлігінің Бас барлау басқармасында жұмыс істей бастады, онда бір жыл қызмет етті.

Футболмен айналысқан. 2016 жылы астаналық «Рахат» клубының сапында екі матч өткізген, сондай-ақ Қазақстан жасөспірімдер құрамасы құрамында Еуропа-2006 чемпионатының іріктеу турниріне қатысқан. Студент шағында Англияның «Челси» және «Портсмут» жастар командаларында ойнаған.

2017 жылы Қазақстан футбол федерациясының ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және Ұлттық қауымдастықтармен байланыс бойынша вице-президент қызметін атқарды.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 225
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 105
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 103
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 68