Жұма, 10 Мамыр 2024
3816 15 пікір 16 Тамыз, 2020 сағат 18:47

Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды

Айсұлтан Назарбаев 16 тамызға қараған түні Лондонда қайтыс болды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады. 

Оның неден қайтыс болғаны қазірше белгісіз. Бірақ жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін деген болжам айтылады. Бұдан өзге ешқайндай мәлімет берілмеген.

Айсұлтан Назарбаев - Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені. 1990 жылы 26 тамызда Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің отбасында дүниеге келген.

Ол Астанадағы «Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінде», сондай-ақ Австрияның «American International School» мектеп-интернатында оқыған. Ұлыбританияның Royal Military Academy Sandhurst оқу орнын бітірген. КИМЭП университетінің магистратурасын «бизнес-әкімшілендіру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2012 жылы ол Қазақстан Қорғаныс Министрлігінің Бас барлау басқармасында жұмыс істей бастады, онда бір жыл қызмет етті.

Футболмен айналысқан. 2016 жылы астаналық «Рахат» клубының сапында екі матч өткізген, сондай-ақ Қазақстан жасөспірімдер құрамасы құрамында Еуропа-2006 чемпионатының іріктеу турниріне қатысқан. Студент шағында Англияның «Челси» және «Портсмут» жастар командаларында ойнаған.

2017 жылы Қазақстан футбол федерациясының ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және Ұлттық қауымдастықтармен байланыс бойынша вице-президент қызметін атқарды.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1864
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1905
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1603
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1466