Жұма, 3 Мамыр 2024
Билік 5076 2 пікір 18 Наурыз, 2021 сағат 13:08

ЕАЭО: Тауар белгілері туралы Заң қабылданды

Бүгін Сенатта «Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы» Заң қабылданды.

«Тауар өндірушілер Қазақстанда, Ресейде, Беларусьте, Қырғызстанда және Арменияда бір мезгілде қолданылатын ЕЭАО тауарлары шығарылған жерлердің тауар белгілері мен атауларының куәліктерін ала алады.

Бұл Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің бесінші халықаралық жүйесі»,- деп мәлімдеді ҚР Әділет министрлігі.

Бұған дейін аталған мәселе Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде қаралған болатын.

Нәтижесінде, енді ЕАЭО-ға қатысушы елдердің 5 ұлттық патенттік ведомстволарының кез келгеніне патент алу үшін өтінім беру жеткілікті болады. Ал осы мекеме ЕАЭО-ның барлық аумағында қолданылатын тауар белгілерін құқықтық қорғауды қамтамасыз ететін болады.

Бұрын өтінім беруші тауар белгісінің қорғау құжатын алу үшін ЕАЭО-ның барлық елдерінің ұлттық патенттік мекемелеріне жеке-жеке жолығуына тура келгенін атап өту қажет. Бұл рәсімдер күрделі, ұзаққа созылатын әрі қымбатқа түсетін еді.

- Шарт ратификациялағаннан кейін Еуразиялық нарыққа бағдарланған отандық тауар өндірушілердің құқықтарын қорғау деңгейі арта түседі, сондай-ақ ЕАЭО бүкіл аумағында зияткерлік меншік құқықтарын бұзу қаупі қысқаруы тиіс, - деген болатын комитет хатшысы Қанатбек Сафинов. 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 801
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 619
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 500
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 512