Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Анық-қанығы 5443 7 пікір 13 Наурыз, 2021 сағат 18:10

Алматы маңында әскери ұшақ құлады

Жергілікті тұрғындардың ақпаратынша Алматы қаласының маңындағы Қызылту елді-мекенінің жанында әскери ұшақ апатқа ұшыраған.

Ұшақ Қызылту маңындағы далаға құлаған. Әзірге апаттың себебі мен қаза тапқандардың бар-жоғы белгісіз.

Апатқа ұшыраған ұшақ Ұлттық Қауіпсіздік комитетіне тиесілі Ан-26  болуы мүмкін.

Ақпараттың анық-қанығы құзырлы органдар тарапынан тексерілу үстінде.

ҚазТАГ агенттігі:

«Алматыда қону кезінде АН-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Ол Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша ұшқан. Бортта 6 адам болған. 4-еуі қайтыс болып, 2-еуі жараланған», - деп хабарлады.

Тағы бір ақпаратта:

«С 17.21-ден бастап Алматы аэродромы жабық. Ан-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады», - делінген.

Алматы әуежайының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта:

«Алдын ала мәлімет бойынша, Алматыда қону кезінде ҚР ҰҚК-не тиесілі АН-26 әскери ұшағы құлады. Ол Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша ұшқан. Бортта 6 адам болған. Қаза тапқандар туралы ақпарат әлі жоқ. Сағат 17.20 шамасында байланыс үзілген. Дереу апаттық жағдай жарияланды. Біздің барлық құтқарушыларымыз, қызметкерлеріміз оқиға орнына барды. Ұшақ қону жолағына жетпей құлаған», - деп жазылған.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұшақ апатына қатысты пікір білдіріп:

«Азаматтық азвиация ұшағы емес. ҰҚК ақпарат береді», - деген.

Желідегі видео:

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы әуежайында әскери ұшақтың құлағанын ресми түрде растады.

Талгат Уали назначен официальным представителем МЧС РК » Turan times

«13 наурыз күні сағат 17.25-те Алматы әуежайының диспетчерлік қызметіне сағат 17.22-де Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша ұшып келе жатқан АН-26 әскери ұшағының радардан жоғалып кеткені және апаттық жағдайда қонғаны туралы хабарлама келіп түскен», - дейді министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.

Оның айтуынша, оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 11-ші есептік тобы барған. 9 адам және 1 техника, Республикалық жедел-құтқару отрядының 1 кинологиялық тобы, 5 адам мен Алматы құтқару қызметінің 1 техникасы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, оқиға орнына Іздеу және апаттық-құтқару қызметінің 4 техникасы мен Алматы облысының Өрт сөндіру, апаттық құтқару қызметінің 2 техникасы барған.

«Өрт толықтай сөндірілген. Оқиға орнында жедел жәрдемнің 10 реанимациялық бригадасы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша 4 адам қаза тауып, 2 адам жараланған. Жараланғандар Іле аудандық ауруханасына жеткізілген», - дейді Уәли мырза.

Фото:

Қаза тапқандардың аты-жөні:

ҚазТАГ агенттігі ұшақ апатынан қаза тапқандардың аты-жөндерін жариялады.

Олар:

Ғабит Барлықбаев, 1987 жылы туған. Шені – майор;

Досжан Баймұратов, 1987 жылы туған. Шені – аға лейтенант;

Мұхтар Сағынбаев, 1995 жылы туған. Шені – аға лейтенант;

Евгений Васильков, 1987 (1986) жылы туған. Шені – сержант.

Фото пресс-службы Акорды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін болған ұшақ апатына қатысты (АН-26 әскери ұшағы) мән-жайды анықтауды тапсырды.

«Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды. Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек», - деп жазды Twitter-дегі парақшасында.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әскери ұшақ апаты болған орынға барды. Бұл туралы Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге бардым. Тиісті қызмет өкілдеріне болған оқиғаның салдарын жоюды тапсырдым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - деп жазды әкім.

ҚР ҰҚК ұшақ апаты туралы:

«13 наурыз, сағат 17.22-де Алматы әуежайына қону барысында АН-26 ұшағы апатқа ұшырады. Борт номері – 02. Ұшақ ҚР ҰҚК Әуе қызметіне тиесілі.

Бортта 6 экипаж мүшесі болған. 4 адам қаза тауып, 2-еуі ауыр жарақат алған. Олар ауруханаға жеткізілді.

Апаттың себептері анықталуда», - деп жазды.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1840
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1870
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1570
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1446