Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
1669 0 пікір 18 Қазан, 2020 сағат 15:42

Мемлекеттік бағдарламалар аясында қанша тұрғын үй салынады?

Қазақстан Республикасы ел тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тынбай жұмыс жасап жатыр. Үкімет жыл сайын бюджеттен қажетті қаржыны бөліп, отандастармыздың баспаналы болуы үшін барын салуда. Тұрғындардың ертерек тұрғын үйге қол жеткізуі үшін қолайлы мемлекеттік бағдарламалар қабылданды.

Баспаналы болсам деген отандастарымызға мол мүмкіндік сыйлаған бірегей бағдарламалар қатарына «7-20-25», «5-10-20», «Нұрлы жер» секілді тұрғын үй алуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жатқызуға болады. Біз атаған және өзге де түрлі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары қазақстандықтардың баспаналы болу арманын жүзеге асырудың жақсы жолына айналды деуге толық негіз бар.

Мeмлeкeт бaсшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы екінші қыркүйекте жолдаған «Сындарлы қоғамдық диатлог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында тұтас ел көлемінде біркeлкі бaспaнa мeн тұрғын үй сaясaтын іскe aсыру кeрeк eкeнін айтты және аталған бaғыт аясында жұмыс жасаудың бағытын белгіліген болатын.

Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, 2020 жылдың 28 қазанынан бастап еліміз тұрғындары жоғарыда біз сөз еткен «5-10-20» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша үй ала алады. Шаңырақ «5-10-20» ипотекалық бағдарламасы бойынша ел көлемінде өтінім қабылдау жұмысы осы айдың 28-жұлдызында ресми басталады.

Енді осы бағдарламаның ерекшеліктері мен артықшылықтарын және қалай жүзеге асып жатқаны жайлы тоқтала кетейік. «5-10-20» бағдарламасы әрбір жергілікті атқару органдарында бұған дейін кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаж қазақстандықтарға арналған бағдарлама. «5-10-20» бағдарламасына 1986-2017 жылдар аралығынан бері тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады. Сонымен қатар 2018-2019-2020 жылдары баспанаға өтініш бергендер де бұл жобаға қатыса алады.

Біз сөз етіп отырған «Шаңырақ» пилоттық жобасы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарға қол жетімді несиемен баспана алу мүмкіндігін жасау туралы тапсырмасы негізінде қолға алынған.

Бағдарлама шарттары: біріншіден әрбір үміткердің соңғы алты айдағы отбасылық жалпы табысы отбасы мүшелерінің жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс мөлшерінен үш те бір есе мөлшерінде артық болуы тиіс. 2020 жылы бірінші сәуірден бастап аталған көрсеткіш 32 668 теңге болды деп жоспарланған. Басқаша айтқанда, әр отбасының бір мүшесіне шаққанда жеке табыс 101 271 теңгеден аспауы қажет деп белгілінген.

«5-10-20» бағдарламасы аясында жалпы 54 198 өтініш келіп түскен. Мұның ішінде 34 453 азамат 1986-2017 жылдар аралығында кезекке тұрғандар. Ресми өтініш білдірген 54 198 адамның 2 386 өткінімі ресми қабылданды. Қабылданған екі мыңнан аса өтініштің жалпы құны 32,4 миллиард теңгені құрайтынын айта кету керек.

«Шаңырақ» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің еншілес ұйымынан екі жүз он миллиард теңге қарастырылған. Бұның алғашқы бөлігі ретіндегі 90 миллиард теңге «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» Акционерлік қоғамы арқылы аударылды. Аталған қаражат кем дегенде жеті де сегіз мың қазақстандық отбасының баспаналы болуына жұмасалатын болады. Сондай-ақ, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» Акционерлік қоғамының есебінеде алатын тұрғын үй бағасының он пайызы жинағы болы да басты қажетті шарттардың бірі. Ал несие жалып жиырма жылға дейін беріледі.

Ел білетін енді бір үздік тұрғын үй бағдарлмасы ретінде атақты «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын атауға болады. Бұл бағдарлмама Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған. Бұл бағдарлама аясында баспанаға қол жеткізген қазақстандықтардың саны аз емес.

Жақында ғана Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев тұрғын үй құрлысын қолдау жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. ҚР Ұлттық банкінің қаржыландыруымен елімізде тұрғын үй құрылысын салу қарынды жүргізіліп келеді.

Ерболат Досаевтың айтуынша, ел экономикасын барынша қолдау мақсатында үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарысқа қарсы бастамаларын жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. «Қарапайым заттар экономикасы» атты мемлекеттік бағдарлама аясында биылғы жылдың 9-қазанындағы есеп бойынша, банктер 450 өтінімді ресми мақұлдаған. Бұлардың жалпы құны 417 миллиард теңгені құрайды. Ал қарызға берілген 661 нұсқаның жалпы сомасы 380,4 миллиард теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, елдегі төтенше жағдай кезінде түрлі деңгейде шығынға ұшыраған шағын және орта бизнес нысандарына жеңілдетілген кредиттер беру бағдарламасы да қарқынды жүргізілуде. Бұл бағыт бойынша, биыл 9 қазанға дейін кәсіпкерлерден 2 275 өтінім келіп түскен. Бұның жалпы сомасы 563,9 миллиард теңге болады. Соның ішінде 419,5 миллиард теңгені құрайтын 3 887 өтінім мақұлданып, қарыз берілді. Мұнда алпыс бес миллиард теңге көлеміндегі қаржы бұрынғы қарыздарды өтеуден түскен қаржы есебінен берілген көрінеді.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, Ұлттық банктің тікелей қаржыландыруы бойынша азаматтарды баспанамен қамтуға арналған тұрғын үй құрылысын салду қолдау жұмыстары үздігіс жалғасып жатыр екен.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

«7-20-25» бағдарламасы бойынша осы жылғы 8 қазанда 280,5 млрд теңгеге 23 935 өтінім мақұлданды. Оның ішінде 219,4 млрд теңге сомасына 18 822 қарыз берілді. Ал Ұлттық банктің «Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарлама бойынша осы жылғы 8 қазанда 374 млрд теңге сомаға 42 736 өтінім мақұлданды, 294 млрд теңге сомасына қарыз берілді», - деді Ерболат Досаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2029
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2464
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2043
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1590