Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
46 - сөз 2860 6 пікір 17 Тамыз, 2020 сағат 17:11

Қазақстандық жоғары білімге реформа қажет

Өткен аптада әйгілі Кремний алқабына арнайы барып, Калифорния штатының ғана емес, тұтас Американың, жалпы әлемнің ең үздік оқу орны Стэнфорд университетінің тыныс-тіршілігімен танысып қайттым.

Карантин болғандықтан, көп саласын егжей-тегжейлі зерттей алмадым. Бірақ, көргендерім мен түйгендерім тақырыпта келтірілгендей ойға келуіме түрткі болды.

Ең бірінші, біздегі ЖОО-лардағы білім беру жүйесін институционалдау керек. Яғни, «анау мұғалім жұмыссыз қалады, мынау профессор сағатсыз қалады» деген көңілжықпастықпен қазіргі заман талабына сәйкес келмейтін пәндерді сүйрелеп, студенттердің де, білім жүйесінің де обалына қалудың қажеті жоқ. Егер, «үйрететін нәрсесін заманауи қалыпқа икемдей алмаса, өз обалдары өздеріне» позициясын ұстану қажет.

Екіншіден, кез-келген мамандық иелерін теориялық емес, тәжірибелік жоба жасауға үйрету керек (теорияға тоятын уақыт болды ғой).

Осыдан келіп шығатын үшінші қадам - жасалған жобаларды өндірістік айналым мен нарыққа жіберуді қолға алу керек. Яғни, бизнес мен ғылым ордаларының арасын жақындатуға әрекеттер жасалуы қажет.

Осыдан шығатын төртінші қадам - ЖОО-лар «дәріс оқу - тек ғалымдар үшін» принципінен арылуы қажет. Өмір бойы кітапхана, кафедра мен аудиториядан басқа ештеңе көрмеген ғалымдар - жақсы теориялық білім беруі мүмкін. Алайда, бізге дәл қазір практикалық білім ауадай қажет. Яғни, әр салаға дәріс оқуға сол салада табысты еңбек етіп жүрген мамандарды тарту қажет (ғылыми атағы болмаса да). Сонда ғана - ол оқу орнында оқып жатқан студенттер өз саласында боп жатқан жаңалықтар мен процестермен реали жағдайда таныс болады. Көп жағдайда, профессордың керемет дәрісінен гөрі, нақты маманның жасаған қателігі туралы айтқан әңгімесі көбірек пайдалы болады.

Әрине, күні ертең біздің ЖОО-ның бәрі Стэнфорд, Гарвард, Оксфорд болып кетпейтіні анық. Алайда, тек қатырма қағаз беретін мекеме емес, расында қоғамға пайдалы маман дайындайтын оқу орны боламын десе, қалайда реформа жасауға қазірден көшу керек.

Нұраддин Садықовтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1771
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1748
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1470
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1380