Жексенбі, 19 Мамыр 2024
3334 0 пікір 20 Шілде, 2020 сағат 16:18

Алматыда карантин талабы күшейтілді

20 шілдеден бастап Алматыда эпидемияға қарсы шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. 

Жаңа жарлыққа сәйкес, қалааралық автобус тасымалдарын тоқтату, метро мен автобустарда жолаушылар санын 50%-тен асырмау, сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көліктерді толығымен тоқтату, ал, жұмыс күндері көрсетілген көліктер үнемі дезинфекциялау қарастырылған.

Оқу курстары мен форумдарды, сондай-ақ отбасылық, соның ішінде еске алу шараларын қоса алғанда, қоғамдық жұмыстарға тыйым салынады. Мұражайлардың, театрлардың, көрмелердің, ғибадат ету объектілерінің, балалар лагерлерінің және даму орталықтарының жұмысына тыйым салынады. Балабақшалар тек кезекші топтар режимінде жұмыс істейді. Ұлттық олимпиада комитеті аккредиттеген спорттық базаларды қоспағанда, барлық спорт нысандарын пайдалануға тыйым салынады.

Сонымен қатар қонақ үйлер, лагерьлер мен демалыс үйлері қатаң санитарлық талаптар негізінде жұмыс істейді.

Құжатта 65 жастан асқан азаматтардың қозғалысын шектеу қарастырылған. Тауларға, оның ішінде танымал туристік және тау нысандарының аумағына шығуға тйым салынады. Ұлттық парктер сенбі және жексенбі күндері жабылады. Тек жұмыс күндері ашық ауада серуендеуге рұқсат етіледі, алайда тамақ, сусындар ала алуға болмайды.

Саябақта үш адамнан артық жүруге, от жағуға салынады. Жеке жаттығуларға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, жеке көліктермен аймақтар арасында жүруге рұқсат етіледі. Сауда орталығында тек дәріханалар, азық-түлік супермаркеттері және жеке кіретін және ашық алаңдары бар тұрақты тамақтану орындары жұмыс істейді. Ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың, тамақтану алаңдарының және банкет залдарының, сұлулық нысандарының, фитнес-орталықтардың, спорт залдарының, моншалардың, сауналардың, жағажайлардың, бассейндердің қызметіне тыйым салынады.

Тамақтану мекемелері клиенттерге тек 30 орындық және 22.00-ден кеш емес жазғы алаңдарда қызмет көрсетуі керек.

Қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне Ұлттық Банк пен Қаржы рыногын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес рұқсат етіледі. ХҚКО-ға сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді, ал қызметкерлердің кемінде жартысы қашықтықтан жұмыс істеуі керек. «Қазпочта» АҚ үшін жұмыс кестесі 8.00-ден 14.00-ге дейін болады.

Көлік жуу, жөндеу орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орталықтары, айырбастау пункттері, ломбардтар, бизнес орталықтар 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.

Дәріханалардың, минимаркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің, ашық базарлардың жұмысына рұқсат етіледі. Штат саны 30 адамнан асатын мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компанияларға қызметкерлерінің кем дегенде 80% -ын «қашықтықтан жұмыс істеуге» жіберу тапсырылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2154
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2560
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2409
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1663