Сенбі, 4 Мамыр 2024
4884 24 пікір 18 Маусым, 2020 сағат 13:10

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды

Тәуелсіз Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ақпаратты «Elbasy.kz» сайты таратты.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның Тұңғыш Президенті оқшауланды. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирусты анықтауға тапсырған соңғы сараптамасы «оң» нәтиже көрсетті. Алаңдауға себеп жоқ. Назарбаев қашықтан жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің вирус жұқтырғаны туралы хабарлаған болатын. 14 маусымда.

Кейін, Үкімет басшысы Асқар Мамин бастап, бір топ министр карантинге кеткен болатын.

Қазір вирус белгілері анықталған немесе тест тапсырған, сақтық үшін оқшауланып жатқан шенділер:

Берік Уәли (ҚР Президентінің баспасөз хатшысы) - вирус анықталды,

Асқар Мамин (ҚР Премьер-министрі) - карантинде,

Елжан Біртанов (ҚР Денсаулық сақтау министірі) - вирус анықталды,

Асхат Аймағамбетов (ҚР Білім және ғылым министрі) - карантинде,

Сапархан Омаров (ҚР Ауыл шаруашылық министрі) - карантинде,

Мағзұм Мырзағалиев (ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі) - карантинде,

Нұрлан Ермекбаев (ҚР Қорғаныс министрі) - карантинде,

Нұрлан Нығматулин (Мәжіліс төрағасы) - вирус анықталды,

Бекболат Тілеухан (Мәжіліс депутаты) - вирус анықталды,

Бердібек Сапарбаев (Жамбыл облысының әкімі) - карантинде.

Бұл қатарға бүгін ҚР Қаржы министрі Ержан Жамаубаев та қосылған. Оның тест сынамалары шығып, вирус белгілері анықталған.

Abai.kz

24 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1000
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 866
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 654
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 731