Жұма, 3 Мамыр 2024
Өнер 5092 0 пікір 27 Наурыз, 2020 сағат 17:51

Иманғали Тасмағамбетов Талғат Теменовті құттықтады

Бүгін -  Халықаралық театр күні. Осы орайда мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Халық әртісі Талғат Теменовті кәсіби мерекесімен құттықтап, елге сәлем жолдады.

- Жан досым, Талғат! Қалайсың? Үй-іші аман ба? Бүгінгі мерекелерің құтты болсын! Театр күнін айтам.

Есіңде болар, баяғыда сені Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына басшы болып бар дегенде ат тоныңды ала қашып ең... Енді бүгін театр екінші үйің болды. Саған театрдың пайдасы тиді. Сенің де театрға жасаған еңбегің ұшан-теңіз. Біз де аман. Мәскеуден шыға алмай қалдық... Күн де, ауа райы да биыл ерекше.

Өткен жолы: "Жігіттер сұрап жатыр", - деп едің. Менен бәріне сәлем айт! Үйде бекер жатпай бір жұмыс жазып жатырмын. Мені де шығармашылық адам жасадыңдар. Ең негізі мына кеселден аман-есен өтуге жазсын. Өзім де бәріңді сағындым. Ұшайын десем қанат жоқ... Аман-есен бас қосуға жазсын! Аман бол, досым! Кұрметпен, Иманғали!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 661
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 444
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 399
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 401