Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2176 0 пікір 6 Қазан, 2011 сағат 18:46

Серiк ЖОЛДАСБАЙ. Ескi достардың егесi немесе “Сопылар iсiнiң” артында кiм тұр?

ҚР парламентiнiң қос палатасы мақұл­даған "Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы" заң жобасына мемлекет басшысы қол қоя ма? Тап қазiр елдi екiұдай еткен басты мәселе осы. Соңғы бiр айда қоғамды дүрлiктiрген заң жобасын көпшiлiк "Сектанттардың жолын кеседi" десе, ендi бiрi "ширк" деп қарап отыр. Жалпы алғанда, елiмiзде осы күнге дейiн халықтың көңiлiнен жүз пайыз шыққан заң қабылданбаған. Бiр жағынан бұлай болуы мүмкiн де емес. Осылай екен деп "дiн дауына" көз жұма қарауға әсте болмайды.

ҚР парламентiнiң қос палатасы мақұл­даған "Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы" заң жобасына мемлекет басшысы қол қоя ма? Тап қазiр елдi екiұдай еткен басты мәселе осы. Соңғы бiр айда қоғамды дүрлiктiрген заң жобасын көпшiлiк "Сектанттардың жолын кеседi" десе, ендi бiрi "ширк" деп қарап отыр. Жалпы алғанда, елiмiзде осы күнге дейiн халықтың көңiлiнен жүз пайыз шыққан заң қабылданбаған. Бiр жағынан бұлай болуы мүмкiн де емес. Осылай екен деп "дiн дауына" көз жұма қарауға әсте болмайды.

Дiн iстерi жөнiндегi агенттiктiң төрағасы Қайрат Лама Шәрiптiң танымалдылығы бүгiнде Амантай қажыдан аспаса кем емес. Оны алты алашқа мәшһүр еткен дiн төңiре­гiндегi дау-дамай, яғни, заң жобасындағы 7-бап. Егер күшiне енiп жатса, мемлекеттiк орындарда намаз оқуға тыйым салынбақ. Қазiргi кезде мемле­кеттiк мекемелерде, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында намазға жығылып, мұсылмандық парызын өтеу­шiлер же­тер­лiк. Мұсылман жамағатының құқы­ғына қайшы келетiн заң жобасының олқы жерi де осы. Құжатпен танысқан азаматтардың айтуыөре жатармыз.нша, алдағы уақытта дiн төңi­регiндегi дау-дамайды шешуге аталған заң жобасы сеп­тi­гiн тигiзбек кө­рiнедi. Ендеше, "бүйректен сирақ шығарып" Лама Шәрiптi орынсыз айыптай бермей, керiсiнше, оны қолдауымыз керек емес пе? Себебi елiмiзде дiн мәсе­лесi ушығып тұрғанын екiнiң бiрi бiледi. Осыны бiле тұра дiннен шу шығару бiзге қажет пе? Агент­тiк төрағасының жағасына жармаса бермей оның бiр сәт жұмыс iс­теуiне мүмкiндiк берейiк. Одан арғысын көре жатармыз.

Айтпақшы, Қайрат Ла­ма Шәрiп дiн төңi­регiн­дегi пiкiрталаста Бекболат Тiлеуханның "ұстанымы басқа" деп айды аспанға шығарған едi. Әйтсе де аталған пiкiрдi агенттiк төрағасының аузынан ал­ғаш естiп, бiлген жоқпыз. Бұған дейiн де халық арасында депутаттың уахабтармен байланысы бар­дейтiн сыбыс аз айтылмаған. Тiптi осыған байла­ныс­ты журналистер де Б.Тiлеуханға сұрақ қойып жүргенi жасырын емес. Ал бұл сөздiң Лама Шәрiптiң айтуы отқа май құя түстi. Агенттiк басшысы: "Бiз Ханафи мәзхабын ұстанамыз, ал депутат Тiлеухан басқа ұстанымдағы адам. Сондықтан бiз Бекболат Тiлеуханның дiни жолы бiздiң ата-бабаларымыз ұстанып келе жатқан мәз­хабқа сай деп есепте­меймiз", - деген едi. Iле- шала депутаттың әрiптесi Нұрлан Өнербай "Дiн iстерi агенттiгiнiң төрағасы жағынан тағылған ауыр айып қандай да бiр шындыққа жанаспайды" деп, сол үшiн Б.Тiлеуханнан "жұрт алдында кешiрiм сұрасын" дедi. Дегенмен де Нұрлан Өнербайдың бұл талабынан агенттiк төрағасы үзiлдi-кесiлдi бас тартып отыр. Лама Шәрiптiң айтуынша, депутат екеуi он жылдан берi дос көрiнедi. Сондықтан да достардың арасында пiкiр қайшылығының болуы қалыпты жағдай деп есептейдi агент­тiк төрағасы. "Ол - өнердiң адамы, эмоцияға берiлгiш адам. Бiрақ Бекболат Тi­леуханның дiни бiлiмi өте терең. Бiз заң жобасын тал­қылау барысында         7-баптың 3-бөлi­мiне келгенде бiраз тартыстық. Бiрақ соңғы уақытта менiң атыма мұндай шағымдар көптеп түсiп жатыр", - деген Лама Шарiп қызме­тiне қатысты азаматтардан көп шағым түскенiн жасырмады.

Ал Бекболат Тiлеухан болса агенттiк төрағасын аталған сөзi үшiн "сотқа беремiн" дейдi. "Менiң дi­ни ұстанымымның қандай екенiн бiлгiлерiң келсе, бас мүфти Әбсаттар Қа­жы Дербiсәлiден, Қайрат Жолдыбай, Қалижан Заңқоев, Бақтыбай Бейсен­баев секiлдi азаматтардан сұраңыздар", - деген депутат өзiнiң салафит емес­тiгiн растайтын төр­теудiң атын атапты. Оның айтуынша, салафизм қазiр­гi ұғым­да террорист, экстремист болып көрiнетiн болса керек. "Мен оларға ұқсаймын ба? Бұл Арабия­ның ұстанған жолы болғанымен, Қ.Лама Шәрiптiң түсiнiгiнде ол елдiң бүл­дiргiсi болып табылады. Салафизм дегенiмiз - ата-анасына, Конституцияға, ата-бабаның жолына қар­сы келушi, барлық нәрсенi арамға шығару, мәдениет өнерден толығымен бет бұру. Осы орайда менiң кейiнгi жылдары жазып жатқан операмды бiле­сiздер. Солай бола тұра, ол бәрiн ысырып қойып, маған күйе жаға салды. Ендi мәселенi түбегейлi шешу үшiн сотқа шағым тастаймын", - дейдi Бекболат Қанайұлы.

Депутаттың "сотқа шағым тастаймын" дегенi өте орынды. Бәлкiм, өзi туралы жұрт арасында айтылып жүрген ауыр айыптың анық-қанығы сотта белгiлi болар? Кiм бiлсiн. Әзiрше iстiң артын бағайық.

Күнi кеше "Маса.кz" сайтында "Iшкi iстер министрлiгi уахабизмдi қолдай ма? Сенсация!" деген тақырыпта мақала жарияланды. Онда атышулы "Сопылар iсiне" тапсырыс берушiлер уахабиттер екенi айтылады. Мәселен онда "...Сопылар iсiне" тапсырыс берушiлер әшкере бола бастағандай. Өйткенi бiздiң қолымызға ҚР IIМ-нiң басқарма бастығы, полиция полковнигi М.Құмарбеков­тiң сопылар үстiнен қылмыстық iстi қозғау туралы 2011 жылғы 11 ақпандағы №11751103760012 қаулысы келiп түстi. Онда былай делiнген: "Обыкновенный вахабизм" сюжеттерiнен дiнаралық жаулықты және араздықты қоздыру белгiлерi бар". Техника ғылымдарының докторы, профессор С.Ибраев "Сенiм.Бiлiм.Өмiр" РҚБ және "АБЖаД" интеллектуалдық таным клубы өз қызметiн жүргiзу барысында "жастар арасында "уахабиттерге" қарсы дiни аралық жаулықты және араздықты қоздыру үшiн үгiт-насихат жүргiзген". Осы сөздерден кейiн "сопылар" iсiнiң артында тiкелей уахабиттердiң тұрғанына көзiмiз әбден жеттi. Исматулла мақсым мен Саят Ибраевтардың кiмдердiң жолын кесiп, кiмдерге "жақпай" қалғаны осы жерден белгiлi болды", - делiнген.

Өкiнiшке қарай, "Мен уахабитпiн, маған қарсы жұмыс iстеп кедергi келтiрдi" деп IIМ-не арызданғанның аты жөнi белгiсiз. Ал Саят Ыбыраев жетекшiлiк еткен аталған танымдық клуб өз қызметiн жүргiзу барысында "жас­тар арасында "уахабиттерге" қарсы жұмыс iстегенi жасырын емес. Ал Саят Ыбыраевтың адвокаты Абзал Құспанов сопыларға көптеген баптар бойынша айыптар тағылғанын айтады. Солардың бiрi: "Олардың iшiндегi бастысы "уахабшылардың құқығын бұзу" (237-бап) айыбы шығар" дейдi адвокат. Егер сiз "Үш қиян" газетiнiң ескi нөмiрлерiне назар аударатын болсаңыз, сопылардың Бекболат Тiлеухан мен Мұхамеджан Тазабековтi сынағанын байқар едiңiз. Сонда "құқығы бұзылған" осы екi азамат па, әлде басқалар ма? Әзiрше аталған жұмбақтың жауабы белгiсiз. Бiрақ көп күттiрмей жұмбақтың шешуiн бiлiп қалуымыз әбден мүмкiн.

Серiк ЖОЛДАСБАЙ.

http://zhasalash.kz/sayasat/5590.html

0 пікір