Сенбі, 4 Мамыр 2024
5007 2 пікір 27 Желтоқсан, 2019 сағат 13:59

"Фоккер 100" ұшағы 23 жыл бұрын пайдалануға берілген

Алматы маңында апатқа ұшыраған "Bek Air" әуе компаниясының "Фоккер 100" дейтін ұшағы 23 жыл бұрын пайдалануға берілген. Бұл туралы әуедегі ұшақтардың жай-күйін бақылайтын Халықаралық веб-сервис -  "Flightradar24" сервисі хабарлады.

"Flightradar24" твиттер желісіндегі ресми парақшасында: "№Z92100 рейсін (Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша) 23 жыл бұрын шығарылған "Фоккер 100" орындаған. @JetPhotos базасындағы бұл ұшақтың соңғы фотосуреті 2018 жылдың маусымында түсірілген. Содан кейін ұшақтың түсін қайта бояған болуы керек...", деп жазыпты. 

Ал Алматы маңындағы апат туралы ақпар таратқан "РИА Новости" агенттігі ҚР ІІМ мәліметін дерек ете отырып, апатқа ұшыраған ұшақта шетелдік азаматтардың да болғанын жазады.

"Ұшақ бортында 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Олардың ішінде шетелдік азаматтар да бар. Атап айтқанда: Украинаның 2 азаматы, Қырғызстанның 1 азаматы мен 1 Қытай азаматы. Қалғандары Қазақстан азаматтары", дейді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 991
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 856
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 648
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 719