Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 4486 0 пікір 28 Қазан, 2019 сағат 13:22

Жауыздық қашан жойылады?

2015 жылдың 25-інші мамыры. Орталық Қазақстанда шын мәнінде төтенше және қайғылы оқиға болды. Бірнеше мыңдаған киіктердің аналықтары дала төсінде 10 күн ішінде лақтарын тууға жиналды. Жан түршігерлігі, сол жерге аңдарды түсіруге барған БИ-БИ-СИ-дің операторлары мен зерттеушілер тобы 200 000-нан (!) астам киіктердің бірнеше аптада қырылғанын көреді. Осынау алапат трагедияны бейнекамераға түсіріп, БИ-БИ-СИ-дің «Жер ғаламшары II» атты деректі фильмінің соңғы эпизодында көрсетеді.

2019 жылдың 25-інші қазаны. Қазақсстандық және шетелдік ақпарат агенттіктері: «Мыңдаған аңдар қырылды: ҰҚК киік мүйізін контрабандалық жолмен сатпақ болған ҰҚТ мүшелерін қолға түсірді» деген хабарды жарыса жариялады. Себебі бұл ақпаратты таратқан ҰҚК-нің қызметкерлері Алматы мен Шымкентте, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарының аумағында киік атумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесін ұстаған.

Жедел тергеу тобы қылмыскерлерді тінту кезінде 1 тонна 118 келі (3 мыңнан астам тіршілік иесі) киік мүйізін тәркілейді. Мамандардың есептеуінше, ҰҚТ-тың заңсыз қызметінен мемлекетке 5,6 млрд. теңге (!) көлемінде шығын келген. Қылмыстық топтың 18 мүшесінің 9-ы соттың санкциясы арқылы қамауға алынған. ҰҚК-нің мәліметі бойынша, қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы әрекет етіпті. Жазықсыз жануарларды қойша қырған жауыздар атып алған киіктердің мүйізін сатумен, контрабандалық жолмен Қытайға жөнелтумен айналысқан.

Төлен Тілеубайдың facebook парақшасынан
Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 599
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 342
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 347
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 350