Жұма, 3 Мамыр 2024
2040 0 пікір 18 Қазан, 2019 сағат 20:57

Қызылордада Құтқарушылар күніне орай мерекелік шара өтті

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Құтқарушылар күніне орай мерекелік шара өтті.

Құтқарушылар "Отқа оранған өрендер" атты өрт сөндіруші-батырларға арналған ескерткіштің алдында сап түзеді.

Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Р.Қайрақбаев салтанатты іс-шараны ашып, қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үшін құтқарушылардың кәсіби мерекесі - ерлік, ар-намыс және батылдық мерекесі екенін атап өтті.

Содан кейін сөз кезегі Төтенше жағдайлар саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ботабаевқа, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің туыстары мен жақындары Қ.Әшірбекұлы мен С.Төремановаға берілді. Содан кейін қаза тапқан қызметкерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қызылорда облысы ТЖД басшылығы мен қызметкерлері қызметтік борышын орындау кезінде қаза болған әріптестеріне құрмет ретінде ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Іс-шара соңы азаматтық қорғау қызметкерлерінің салтанатты шеруімен тәмамдалды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 582
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 315
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 326
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 336