Жұма, 3 Мамыр 2024
2783 5 пікір 21 Қазан, 2019 сағат 16:02

Балабақшадан ағылшын тілі алынып тасталады

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі білім бағдарламасынан ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін министр Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

"Мектепке дейінгі білім бағдарламасынан ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отырмыз", - деді Аймағамбетов мәжілісте "Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын-ала қорытындылары туралы" үкімет сағатында.

Бұдан бөлек, білім министрлігі балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеруді көздеп отыр.

"Тағы бір мәселенің бірі – бірыңғай электронды кезектің жоқтығы. Кейде мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаға барған балалар кезектен шығарылмай қалады", - деді ол.

Аймағамбетов лицензиялау мен аккредитацияның жоқтығы да бірқатар проблема тудырып отырғанын атап өтті.

Айта кетсек, қазір Қазақстанда барлығы 10 673 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде балабақшалар саны – 6 470, шағын орталықтар – 4 203.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 791
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 605
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 495
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 506