Жұма, 3 Мамыр 2024
2541 3 пікір 21 Қазан, 2019 сағат 15:58

Қазақстанда дәрігерлер 277 баланың өлімін жасырған

Қазақстан дәрігерлері жаңа туған 277 нәрестенің өлімін жасырған. Бұл туралы бүгін Сенатта денсаулық сақтау саласындағы мақсаттар мен Парламент тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндаған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті.

Қазір Денсаулық сақтау министрлігі  Атырау облысындағы дәрігерлер ісінен кейін бала өліміне қатысты аудит жүргізіп жатыр.

Осы уақытқа дейін белгілі болғаны, дәрігерлер 277 баланың өлімін жасырған.

Біртановтың айтуынша, Атыраудағы нәресте өлімінен кейін ел бойынша  «өлген нәрестелердің  шыны препараттарынан алынған объективті деректер мен медициналық карталардың аудиті» басталған.

-Талдау нәтижесінде біз материалдарды ұсынбаған Маңғыстау облысынан басқа, есепке алынбаған ерте неонаталдық өлім-жітімнің 277 нәресте өлімін жасырып қалу фактілерін анықтадық, - дейді Денсаулық сақтау министрі.

Осылайша, 2018 жылғы нәресте өлімі ресми статистикадан әлдеқайда көп екені анықталған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 758
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 573
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 471
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 481