Жұма, 3 Мамыр 2024
2961 6 пікір 21 Қазан, 2019 сағат 15:55

Президент: Жаңа әліпбиде әлі де олқылықтар бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің жаңа графикасы туралы олқылықтарды түзеу мәселесін көтеріп, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға жаңа әліпбиді жетілдіруге қатысты тапсырма берді.

Бұл туралы Президент Twitter желісіндегі жеке парақшасында жазды.

- Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр, - деп жазды Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев ертеректе, Сенат төрағасы қызметінде жүрген кезінде де «латын графикасына көшу» туралы бірнеше рет пікір білдірген болатын.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 883
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 745
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 575
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 582