Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2619 0 пікір 3 Тамыз, 2011 сағат 06:29

І жарты жылдықта Қазақстанның химия өнеркәсібіне 11,5 млрд. Теңге инвестиция тартылған

2011 жылдың басынан бері Қазақстанның химия өнеркәсібіне 11,5 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды, деп хабарлайды сәрсенбі күні «Қазақстанның даму банкі» АҚ (ҚДБ) баспасөз қызметі.

Компанияның мәліметінше, соңғы бес жылда химия өнеркәсібіне ең  көлемді инвестиция 2009 жылы тартылған (31,5 млрд. теңгеден астам). 2010 жылы салаға тартылған инвестиция көлемі 21,5 млрд.-тан астам теңгені құраған, оның шамамен 14 пайызы шетелдік инвестиция еншісінде.

«Осы жылдың бірінші жарты жылдығында салаға құйылған инвестиция көлемі 11,5 млрд теңгеден асты, сарапшылар бұл көрсеткіш бұдан әрі өседі деп күтуде», делінген хабарламада.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, «Химия саласы «Өнімділік 2020» бағдарламасында басым салалардың қатарына кіреді. ҚДБ бұл саладағы екі жобаны қаржыландырды, тағы біреуі - қаржыландырылуда, несие комитетінің қарауына тағы да төртеуі жолданды. Олардың екеуі фармацевтикалық салаға қатысты», - деп хабарлады «Қазақстанның Даму банкі» АҚ индустриялық саясат департаментінің директоры Жанат Мырзабеков.

2010 жылы химия өнеркәсібінде өнімнің нақты көлемінің индексі 2009 жылмен салыстырғанда 61,4 пайызға өсті. Алайда, сала көрсеткіші сапа емес, саны жағынан ғана  ұлғайды. Жалпы қосылған құн үлесі әлі де төмен болып тұр (2.4%),  осынын салдарынан отандық химия өнеркәсібі өнімнің ақырғы шегі деңгейінің төмендігінен миллиондаған табыстан айырылып жатыр.

Бүгінгі таңда республикада химия өнімдерін өндіретін шамамен 44 кәсіпорын бар, осы шартта, өнімнің анағұрлым үлкен үлесі (85%) тыңайтқыш, азоттық қосылыстар, пластмасса және бастапқы формадағы синтетикалық каучук өндірісінде. Кәсіпорындардың жалпы санының тек үштен бірін ғана сарапшылар инновациялық белсенділер қатарына жатқызады, ал инновациялық өнім көлемі шамамен 8 пайызды құрайды. Қазақстан негізінен шегі төменгі деңгейдегі өнімді импортқа шығарады, керісінше, шегі анағұрлым жоғары өнімді елге импорттайды. Қазақстандық химия өнеркәсібі өнімі тұтынушылардың басты үлесі алыс шет елдерге тиеді -  78%, ал ТМД елдері үлесінде - 22%.

«Қазақстан Даму Банкі» АҚ 2001 жылы құрылды. Банк қызметінің басты бағыттары мемлекеттік инвестициялық қызмет тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестиция тарту.

АСТАНА, 3 там - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

0 пікір