Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6643 0 пікір 2 Тамыз, 2011 сағат 08:50

ИЫҰ төрағалығы: Міндеттер мен мүмкіндіктер

Зайырлы мемлекет ретінде Қазақ­стан бүгінде ислам өркениетінің ажы­ра­мас бір бөлігі болып табылады. Хал­қы­ның саны жағынан еліміз мұсылман әлемінде 23-ші орынды иеленсе, жер көлемі жағынан олардың арасында бірінші орында. Еліміздің тарихы мен рухани мәдениеті мұсылман әлемімен ғасырлар бойы сабақтас болып келеді.

1995 жылдан бері ИЫҰ-ға мүше мемлекет ретінде Қазақстан бұл Ұйым­ның іс-шараларына белсене араласып, оның әлем қауымдастығы алдындағы беделінің өсуіне атсалысып келеді. Ендеше, 2011 жылы осы беделді ұйымға басшылықтың Қазақстанға өтуін жер жүзіндегі мұсылман қауымдастығы та­ра­пынан біздің елге көрсетілген үлкен сенім мен қолдау деп қабылдаған жөн. Мұндай сенімді қатынастарға ең ал­дымен еліміздегі дінаралық және ұлт­аралық келісім негізінде орнаған тұ­рақтылық себеп болып отыр. Сон­дық­тан Қазақстанның Ислам Ынтымақтас­тығы Ұйымына төрағалығы еліміздің дін­аралық және мәдениетаралық үнқа­ты­су мен келісім бағытындағы баста­ма­ларына тың серпін берері сөзсіз.

Зайырлы мемлекет ретінде Қазақ­стан бүгінде ислам өркениетінің ажы­ра­мас бір бөлігі болып табылады. Хал­қы­ның саны жағынан еліміз мұсылман әлемінде 23-ші орынды иеленсе, жер көлемі жағынан олардың арасында бірінші орында. Еліміздің тарихы мен рухани мәдениеті мұсылман әлемімен ғасырлар бойы сабақтас болып келеді.

1995 жылдан бері ИЫҰ-ға мүше мемлекет ретінде Қазақстан бұл Ұйым­ның іс-шараларына белсене араласып, оның әлем қауымдастығы алдындағы беделінің өсуіне атсалысып келеді. Ендеше, 2011 жылы осы беделді ұйымға басшылықтың Қазақстанға өтуін жер жүзіндегі мұсылман қауымдастығы та­ра­пынан біздің елге көрсетілген үлкен сенім мен қолдау деп қабылдаған жөн. Мұндай сенімді қатынастарға ең ал­дымен еліміздегі дінаралық және ұлт­аралық келісім негізінде орнаған тұ­рақтылық себеп болып отыр. Сон­дық­тан Қазақстанның Ислам Ынтымақтас­тығы Ұйымына төрағалығы еліміздің дін­аралық және мәдениетаралық үнқа­ты­су мен келісім бағытындағы баста­ма­ларына тың серпін берері сөзсіз.

Ұйым өзіне мүше елдердің саяси проблемаларымен қатар, олардың әлеу­меттік-экономикалық, ғылыми-техни­ка­лық және мәдени салаларына қатыс­ты түйінді мәселелерді шешумен үнемі айналысып келеді. Ұйымның негізгі мақ­­саты - мұсылман елдерінің өзара қа­рым-қатынастарын тереңдету, олардың ортақ табиғи және адами бай­лық­та­ры­ның сол елдердің өз мүдделеріне тиімді қызмет етуіне және тұрақты дамуына ықпал жасау, олардың әл-ауқаттарының артуын қамтамасыз ету. Көптеген мұ­сылман елдері кедейшілік, халық сау­атсыздығы, денсаулық сақтау жүйе­сі­нің төмендігі, демографиялық жағдай­дың қиындығы, террорлық қауіптер, есірткінің заңсыз тасымалдануы және жемқорлыққа байланысты қиындық­тар­дың зардабын әлі күнге тартып келеді. Ұйымға мүше ислам мемле­кет­те­рінің басшылары осындай мәселелер­дің алдын алуға мүмкіндік беретін ұт­ым­ды механизмдерді құруға шақырады.

Еліміз 2010 жылы баршаға белгілі болған тарихи оқиға ЕҚЫҰ-ға төраға­лық­ты үлкен абыроймен атқарды. ИЫҰ мен ЕҚЫҰ-ның алдына қойған мақсат­тары көптеген салаларда ортақ. Екі ұйым да халықаралық қауымдастықта бейбітшілікті сақтау, қауіпсіздік және даму мәселелерімен айналысады. Мұ­сыл­ман елдерінің өкілдері біздің елі­міздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі туралы шешімді қуана қарсы алды. Себебі, еуропалық ұйым тарихында ал­ғашқы рет төрағалықты халқының ба­сымы мұсылмандар болып табылатын мемлекет алды. Төрағалық ИЫҰ мен ЕҚЫҰ арасында кең ынтымақтастық орнатуға бірегей мүмкіндік берді. Айта кететін жәйт, осыған дейін ешбір ел әлемдегі ең ірі екі ұйымға қатар бас­шы­лық жасамаған.

Біздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ба­ры­сында көтерген басты мәселе­ле­рі­міз­дің бірі толеранттылық және халықтар мен өркениеттер арасындағы өзара тү­сіністікті тереңдету болды. Қазақстан Ислам әлемі мен Батыс, ислам мен христиан діндері арасындағы үнқаты­су­дың дамуына ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысында өз үлесін қосты. Қазақстан алдағы кезеңде Ислам әлемінің еуро­па­лық құрылымдармен ынтымақтасты­ғын нығайтуға жәрдем етуге ниетті. Сон­дықтан ИЫҰ мен ЕҚЫҰ арас­ын­дағы ынтымақтастықты, әсіресе, ксенофобия және исламофобиямен, нәсілдік кемсітушілікпен, нашақорлық, террор­шыл­дық және экстремизммен күресу, мұсыл­мандардың батыста бейімделу мәселе­леріне байланысты салаларда кеңінен дамыту қажет.

ИЫҰ-ның басты мақсаттарының бірі - діндер арасындағы үнқатысуды да­мыту болып табылады. ИЫҰ ереже­сі­нің І-бабының 11 және 12-тармақта­рын­да: «Төзімділікке негізделген ислам ілімдері мен құндылықтарын сақтау мен тарату, ислам мәдениетін дамыту және ислам мұраларын қорғау»; «Ис­ламның шынайы бейнесін қорғау, өр­ке­ниеттер мен діндер арасындағы диа­лог­ты дамытуға үлес қосу» деген мақ­сат­тар айқындалған. Көпэтносты және көпконфессиялы мемлекет болып та­бы­латын Қазақстан өркениеттер мен діндер арасындағы үнқатысуды дамытуға бағытталған жаһандық үрдістердің бар­лығына қолдау жасауға мүдделі.

Мәдениеттер мен діндер үнқатысуы - бүгінгі күннің ең жанды мәселесі. Қазақстан Республикасы сол зәру мә­селені дер кезінде көтеріп, дамыта білді, әлем қауымдастығының назарын ау­дартып, жаңа бастамалар көтерді. Осы­ның барлығы халқымыздың тағылым­ды тарихынан түйген тәжірибесі арқы­лы жүзеге асып отыр. Қазақ халқының ғасырлар сынынан сүрінбей өткен то­лымды толеранттылық тәжірибесі бар. Толеранттылық қағидаларының ел са­на­сына берік орнығуына Қожа Ахмет Яссауи, Абай, Шәкәрімге дейінгі иман­дылықты ұстын еткен ойшылдарымыз үлкен үлес қосты. Сол тарихи дәуір­лер­де орныққан танымның жемісі ретінде бүгінде елімізде атқарылып отырған игі іс-шаралардың барлығы Қазақстанның ғана емес, әлем халықтарының өрке­ни­етті даму үдерісіне елеулі үлес болып қосылары сөзсіз. Қазақстандық тәжі­ри­бе­нің дер кезінде әлем жұртшылығы­ның игілігіне айналуына ИЫҰ-ға төр­аға­лығымыз да өз үлесін қосары анық.

Төрағалық барысында Қазақстан та­рапынан атқарылуға тиіс жұмыстар аса ауқымды. Орталық Азия бай табиғи ресурстарға, маңызды геостратегиялық жағдайға ие бола отырып, қазіргі әлем­дік саясаттың маңызды бөлігі болып табылатындығын атап өткен жөн. Сол себепті, бұл аймақтың тұрақтылығына ауқымды масштабтың тұрақтылығы тәу­­елді болады. Қырғызстан Республи­ка­сындағы қайғылы жағдайлар қай­та­лан­бас үшін күш салу - баршаға ортақ мүд­де. Орталық Азия қауіпсіздігінің мүм­­кін қауіптері Ауғанстанмен де бай­ла­ныс­ты. Сондықтан Қазақстанның ИЫҰ-ға төрағалығы кезінде осы аймақ­тағы қақ­тығыстарды әрі қарай реттеу жоспарлануда. Сонымен қатар, мүше мемле­кеттердің индустриялық-иннова­циялық дамуында қаржылық институт­тарды көптеп тарту мақсатында Ислам бан­кінің стратегиялық мақсаттарын жа­ңарту қажет. Исламдық қаржылық жү­йенің тұрақтылығы ТМД аймағында Қазақстанға бірінші болып заңнамалық база мен ислами қаржыландыруды да­мы­­туды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

АҚШ президенті Б.Обаманың 2009 жылдың маусымында Каирдегі баянда­масында айтылғандай, 2001 жылдың қыркүйегінде болған жарылыстар Ба­тыс халқында ислам әлеміне қатысты теріс пікірлердің қалыптасуына себеп болды. Ал отаршылдық саясат, қырғи-қабақ соғыс салдарынан болған мұсыл­мандарды кемсітушілік, олардың тара­пы­нан батысқа деген теріс пікірдің қа­лыптасуына әкелді. Осыған орай, «Мұ­сылман әлемі және Батыс» пішініндегі үнқатысуды құру, батыста исламофо­бия­лық көзқарасқа жол бермеу және бүкіл әлем мұсылмандарының Батыс елдеріне қатысты дұшпандық көзқарас­тың пайда болуын болдырмау мәселе­лері алдыңғы қатарға қойылып отыр. Терроршылдықпен күресуде халық­ара­лық ынтымақтастық негізгі рөл ат­қар­мақ. Дәстүрлі діндер өкілдері де осы бағытта күш біріктіруі тиіс. Біздің мем­лекетіміздің алдына қойған маңызды міндеттерінің тағы бірі - экстремизмге қарсы халықаралық қозғалыста ұлт­ара­лық, мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуда бірізділікті қалыптастыру. Біз бұл жолда Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы ислам мен Батыс ұста­ным­да­рын жақындастырып, өзара түсінушілік қалыптыстыра алады деп сенеміз.

Қазақстан мыңдаған жылдан бері ислам әлемінің бір бөлігі ретінде та­ны­лады, ал сунниттік мұсылмандық ха­лық­тың болмысымен ажырамас біртұ­тас рухани жол болып табылады. Ру­ханилықтың, мәдениеттің, білім мен ғылымның негізгі факторына айналған ислам діні орнықтырған ізгіліктің көп-ғасырлық дәстүрі бүгінгі күні де өз жалғасын табуда. Қазақстанда ислам діні мемлекет пен басқа конфессиялар арасындағы бейбіт келісімді, толе­рант­ты­лықты, дінге еріктілікті қолдайтын, баршамен ортақ тіл табысуға жетелейтін маңызды факторға айналып отыр. Сондықтан, біздің ислам елдерімен бай­ланысты жандандыра түсуіміз бү­гінгі таңда қай кездегіден де қажетті, нәтижелі болмақ. Бұл орайда, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше 57 мем­лекет аумағында ортақ рухани, идео­логиялық база орнату бағытында ұзақ мерзімге жоспарланған кешенді іс-шаралар жоспарын жасаған жөн. Осы жоспарды жүзеге асыру ислам дінінің біріктірушілік рөлін бұрынғыдан да күшейте түсері анық.

ИЫҰ-мен білім беру, мәдениет, ғы­лым және технология саласында ынты­мақтастықты дамыту Қазақстан үшін маңызды болып табылады. Білім беру, ғылым және мәдениет бойынша Ислам ұйымымен (ИСЕСКО) тығыз байланыс орнату Қазақстанға мәдени мұра ес­керт­кіштерін қалпына келтіру мен сақ­тау, ислам әлемінің тарих және мәде­ни­ет, тіл дамыту салаларындағы зерттеулері бойынша тәжірибе алмасу сияқты ұлттық жобаларды жүзеге асыруға мүм­кіндік береді. Бұл бағытта Қазақ­стан өзінің ИЫҰ-ға төрағалығы кезінде бірқатар іс-шаралар жүргізуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде Ұйым шең­берінде жоғары оқу орнының оқыту­шы­лары өзара тәжірибе алмасуда. Медицина саласындағы, компьютер бағ­дарламаларын дайындаудағы жетістіктер алмасылуда. Ислам елдерінде дәрі-дәрмек өндіру, ауыл шаруашылығы са­лалары дамытылып, жаңа зауыттар са­лынуда, нанотехнологиялық әдістер қол­данысқа енуде. Осы орайда ис­лам­ды қолдап, қорғау, ислам мәдениетін жаңа белеске көтеру мүмкіндіктері де ИЫҰ-ның күн тәртібінен түспеуі тиіс. Екінші мұсылман ренессансының ал­ғы­шарттарын жасау мүмкіндіктерін ИЫҰ аясында қарастыруға болады.

Ислам діні - сарқылмас даналық ілімі. Зерттеу нысанына айналғанына он бесінші ғасырға аяқ басқанына қа­рамастан, исламның игерілмеген қыр­ла­ры әлі де көп. Дін - жанды құбылыс, сондықтан адамзат тарихының өн бой­ында оның негізгі зерттеу нысанда­ры­ның бірі болып қала беруі заңды да. Жаһандық жаңа өзгерістер исламның қыр-сырын тереңірек тануды күн тәр­тібінен түсірмей келеді. Ислам дінін ислам атын жамылған адасқан ағым­дар­дан арашалап алып, тарихи әділетті көзқарас орнықтыру үшін ортақ баға­лау жүйесін қалыптастырудың зор ма­ңызы болмақ. Бұл ұзақ мерзімді үдеріс болғанымен, оның ислам әлемінің ал­дағы даму болашағында басым бағыт­тар­дың біріне айналары анық. Сон­дық­тан ислам елдеріне ортақ дінтанушы-сарапшы мамандар қауымдастығын құ­ру қажет деп білеміз. Ортақ діни глоссарий, ортақ түсініктер мен рухани құн­дылықтар қалыптастыру осы үде­ріс­тің заңды жалғасы болмақ.

Конфессияаралық келісім мен бейбітшілік мәселелерінде халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Ас­­танада Мәдениеттер мен діндердің ха­лықаралық орталығы құрылды. Ор­та­лықтың негізгі мақсаты - діндер мен өркениеттер арасындағы үнқатысуды дамыту және конфессияаралық келісімді нығайтудың қазақстандық тәжіри­бе­сін халықаралық деңгейде насихаттау. Орталық әлем мәдениеттерін, өрке­ни­ет­­аралық, этносаралық, конфессияаралық үнқатысуды, төзе алмаушылық, ксенофобия, діни сенімді қудалаушылыққа қарсы әрекетті тұжырымдамалық негізде қалыптастыруды әзірлеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізеді. Сон­дық­тан Мәдениеттер мен діндердің ха­лық­аралық орталығы жанынан Ислам мемлекеттеріндегі толеранттылық мәселесі бойынша жарық көрген кітаптардың кітапханасын ашу жұмысын қолға ал­ған жөн болар еді.

Мәдениеттер мен діндер үнқатысуы - бүгінгі күннің ең жанды мәселесі. Қа­зақстан Республикасы сол зәру мәсе­лені дер кезінде көтеріп, дамыта білді, әлем қауымдастығының назарын ауда­рып, жаңа бастамалар көтерді. Осының барлығы халқымыздың тағылымды та­рихынан түйген тәжірибесі арқылы жү­зеге асып отыр. Елімізде атқарылып жатқан игі іс-шаралардың барлығы Қа­зақстанның ғана емес, әлем халық­та­рының өркениетті даму үдерісіне елеулі үлес болып қосылары сөзсіз.

Қазақстан Республикасының 2011 жы­лы Ислам Ынтымақтастығы Ұйы­мы­­на төрағалық етуіне байланысты үс­ті­­міз­дегі жылдың қыркүйек айында «ТМД елдеріндегі Исламның рөлі» атты ха­лықаралық конференция өткізу жоспар­л­анып отыр. Конференцияны Қазақ­стан Республикасының Мәдениет министрлігі мен Бүкіләлемдік Ислам Ли­гасы бірлесіп ұйымдастырмақ. Конференция жұмысы ислам мемлекеттерінің тарихи тамырластығын, исламішілік татулық пен бірлікті, ислам дінінің біріктірушілік рөлін, оның мәдениет­ара­лық және дінаралық келісім мен сұх­батты өркендетудегі мән-маңызын тал­дап-таразылауға құрылады.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстанның ИЫҰ-ға төрағалығы ізгі мақсаттарға қызмет ететін болады» деп атап көрсетті. Қазақстанның ал­дын­да екі маңызды міндет тұр. Біріншісі - ислам дінінің тірегіне айналған гуманистік идеяларды бүркемелеуге ты­рысатын діни фундаментализмнің саяси идеологиясына қарсы тұра білу. Екіншісі - Батыс пен мұсылман әлемі арасында ашық әрі шынайы сұхбаттың қалыптасуын қамтамасыз ету. Осы ба­ғыттағы елеулі шара болып табылатын конференция жұмысы үлкен нәти­же­лер­ге қол жеткізеді деп күтілуде. Соны­мен қатар, төрағалық аясында Қазақ­стан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Діни істер аг­енттігі бірлесіп, 2011 жылдың 29 қыр­күйегі күні Астана қаласында Дінта­ну­шы­лардың халықаралық форумын өт­кі­зуді жоспарлауда. Форумның мақса­ты - дін мен қоғамның өзара әре­кет­тесуін зерттеуді тереңдету мақсатында халық­аралық ғылыми қауымдастықты біріктіру. Дін саласындағы ақпарат­тық-са­раптамалық және сарапшылық жұмыс­тарды қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың беделін жоғарылату және белсенді қызмет атқаруға дін­тану­шы­лар­ды көптеп тарту да фо­рум­ның негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Қазақстанның ислам әлемімен қа­рым-қатынасын, ынтымақтастығын да­мыта түсу еліміздің алға қойған барлық саладағы мүдделеріне сай келмек. Еу­ропадағы және ислам әлеміндегі ау­қым­ды ұйымға төрағалық етудегі Қа­зақ­станның міндеті - ислам ілімі өр­кендеген орталықтардың біріне айналу. Мұсылман үмбетінің бейбітшілік пен әділеттілікке жол бастайтын ізгілікті адамгершілік құндылықтарын алға бас­таушы, басқа ілім өкілдеріне толерант­ты­лықты, еркін таңдауды көр­сетуші және түр-түсіне немесе сеніміне қара­май, адамдар арасындағы келісім мен өзара құрметті нығайтуға ұм­ты­лу­шы қауым екенін Қазақстан өз үлгісі ар­қы­лы көрсетуге тиіс. Халықаралық дәре­жедегі беделді ұйымдарды басқару ісінде өзіндік тәжірибе жинақтаған Қа­зақстан төрағалығы ИЫҰ үшін де жемісті боларына сеніміміз мол.

Айдар ӘБУОВ, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, профессор. Астана.

http://www.egemen.kz/309970.html

0 пікір