Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2914 0 пікір 2 Тамыз, 2011 сағат 08:46

Ілияс Ақбай. 1600 адам орыстың 30 пайызы ма?

Ресей Федерациясындағы жалпы халықтың саны 130 млннан асып жығылады. 130 миллионның ішінде татар, башқұртымыз, аз үйлі ноғайымыз бар. Сібір жұрты - сақа, хақас, жақұт бар. Қапқазда көне түркітектес абарлар отыр. Шеркештер де бір қауым ел. Жә, олар туралы әңгіме бөлек. Біз мына бір «қызыққа» көңіл аударып көрейік.

Жалпыорыстық қоғамдық пікірді бақылау орталығы (ЖОҚПО) «Ебаразиялық монитор» консорциумының шеңберінде зерттеу жасай келіп, орыс халқының 30 пайызы Ресейдің Қазақстанмен бірккенін қалайды деп жариялапты.

«Біздің елдің 35 пайызы Белоруссиямен, 33 пайызы Украинамен, 27 пайызы Қазақстанмен қайта табысқанды қалайды» дейді ЖОҚПО. ЖОҚПОН-ның мәліметіне сенсек, ресейліктердің 17 пайызы армияндармен, 16 пайызы молдовандармен, 14 пайызы Азербайжан әм Өзбекстамен қосылығанды қалайтын көрінеді. Гүржілермен «туыстықты» тілейтіндер 11 пайыз екен. Тіпті, Түркиямен де «тізе қосуды» ойлайтын орыстар да бар көрінеді. Олардың қарасы - 6 пайыз (!) Сауалнамаға қатысқандардың 36 пайызы ғана орыстың оңаша отырғанын жақтапты. Орыстың оңашалығын немесе қандай да бір елмен одақтастығын жөн көретіндер былтыр 40 пайыз болған екен, енді 34 пайызға кеміпті.

Әлгіндей ұстаным жолындағылар 18-24 жас аралығындағы жастар-мыс. «Әр бес адам (?) жаңа СССР-дің шаңырағы астында өмір сүруге бейілді. Әрине, бұл КПРФ-ның жақтастары (43 пайыз), егде тартқан кісілер (31 пайыз), шағын қалалар мен селолардың тұрғындары (24-25 пайыз)» деп соғады ЖОҚПО. «Укаринамен, Белоруссиямен, Қазақстанмен ірге қосуды ұнатпайтындардың қатары кеміп барады (17 пайыз), Еуропамен жақындасуды жақатпайтындар да солай (13 пайыз)» дейді ЖОҚПО.

Соңғы жылдары Украинамен одақтасуды ойлайтын орыстар көбейе түсіпті (2009 жылы олар 25 пайыз болса, биыл 33 пайызға өскен-міс), Қазақстанды қанатының астына алуды қалайтындар 23 пайыздан 27 пайызға секіріпті. Өзбекстан туралы «өзгеше» пікірдегі орыстар да 10 пайыздан 14 пайызға өсіп, импершілдік пиғылдың «итарқасына» кіріп кетіпті.

Қызықтың көкесі мынада: ЖОҚПО-ның «Еброазияшыл монитор» консорциумының шеңберінде жүргізген 25-26 маусым аралығындағы  сауалнамасына 1600 адам 138 елдімекен мен  46 облыстан қатысып жоғарыдағыдай пікір білдіріпті. Япыр-ау, дейміз ғой әлгі жерде, орыста өзі жан саны соншама кеміп кеткен бе? 1600 адам орыстың отыз пайызы болса, біздің «орыс-орыс» деп шулап, қара «ормандай» көретін халқымыз Оңтүстік Қазақстан облысының бір шағын ауылының ширегіне тұрмайтын жұрт екен ғой. 1600 адам орыстың отыз пайызын құраса, онда біз кіммен кедендік одақ құрып жінігіп жүрміз? Онда біз неге ішіміздегі орыс диаспорасының тілін осынша құрмет тұтып жүрміз? Неге біз «үй сыртында кісі бар» деп үркіп өмір сүріп жүрміз? ЖОҚПО деген бар  институт па, әлде жоқ па? Әлде бұл «отты суға» , турасын айтқанда, іспіртті ішімідікке салынған санадалбайлардың саныдырағы ма? Тәйірі, сандыраққа кім сенер дейсің осы күні? Бірақ, кедендік одақтың керегесі жазылғалы бері осындай оттаулар көбейіп барады. Оны да ескере жүрелік, ағайын.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 596
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 329
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 340
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 348