Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
2332 0 пікір 10 Тамыз, 2019 сағат 17:25

«Президенттік кадрлық резерв» жобасы «Жастар жылында» жүзеге асады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды елімізде Жастар жылы деп жариялаған болатын.

Елбасының «Ел ертеңі – жастар» деген әйгілі сөзін бәріміз жатқа білеміз. Тұңғыш Президент айтқан бұл сөз еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы болған жастарға деген шексіз сенім мен артылған үміттің айқын көрінісі екені даусыз. Елімізде арнайы Жастар жылының жариялануы құрметті Елбасымыздың жас буынға арнаған жарқын үндеуі деп сеніммен айта аламыз.

Біз осыған дейін Елбасының Жолдауына сай еліміздің түкпір-түкпірінде жастарды қолдауға бағытталған іс-шаралар өтіп жатқанын, соның бірі, бірі болғанда да бірегейі ретінде «Нұр Отан» партиясы қолға алып, жүзеге асырып жатқан «Жастар кадрлық резерв» жобасы екенін айтқан едік. Аталған жобаға 2019 жылдың 26 шілдесінен бастап өтініштер қабылданып жатыр. Жобаның мақсаты - жастар арасында мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес және қоғамдық қызмет саласы үшін заманауи, тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру екенін айтқан едік.

Бүгін ел жастарын қолдап, мемлекеттік маңызы бар жұмыстарға баулу мақстанда қолға алынған тағы бір ірі жобаны таныстырамыз. Бұл жоба «Президенттік кадрлық резерв» деп аталды. Аталған кадрлық резервке үміткерлерді іріктеу биылғы жылдың бірінші тамызында басталып кетті.

Жастар сөзсіз - мемлекеттің экономикалық һәм рухани дамуының локомативі. Негізгі қозғауші күші. Ал білікті әрі білімді жастарды мемлекеттік қызметке тарту - президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарламасындағы негізгі басымдық берілген мәселе болатын. Бұл Мемлекет басшысының «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасында айтылғанын білеміз.

Сол үшін де жастардық кадрлық резервін даярлау ісі қолға алынынып отыр. Оның «Президенттік кадрлық резерв» деп аталған мемлекеттік жобаға айналғанын айтып отырмыз.

Бірінші тамызда бастау алған жобаға қатысудың шарттары қиын емес. Іріктеуге республика бойынша 35 жасқа дейінгі жоғары білімі мен бес жыл жұмыс өтілі бар кез келген жас азамат қатыса алады. Тіпті, өтінімді онлайн жолдауға да мүмкіндік жасалып отыр.

Іріктеудің қалай өтетіні жайлы өткенде мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова ханым егжей-тегжей өткенде баяндап берген болатын. Жауапты қызметкердің сөзін толығымен назарларңызға ұсынамыз.

«Іріктеу мемлекеттік қызметшілерден ғана емес, экономиканың барлық секторларының өкілдері арасында жүргізіледі. Бізге қазір экономистер мен IT-мамандар өте қажет. Тіпті сот жүйесінде киберқылмысты ашатын мамандар керек. Сондықтан, жаңа технологияларға байланысты экономика секторларынан мамандар көбірек іріктеледі», - деген болатын Анар Жайылғанова.

«Президенттік кадрлық резерв» жобасы әуелі жастар үшін әлеуметтік лифт екені сөзсіз. Түрлі салада үздік нәтижелерге жеткен жас қазақстандықтар резервке өту арқылы мемлекеттік лауазымдарға, соның ішінде басқару лауазымдарына тағайындала алады. Ал «Президенттік кадрлық резервке» үміткерлерді іріктеу жыл соңына дейін жалғасатын болады. Жыл соңында резервке үш жүзге жуық жас маман қабылданады деп жоспарланып отыр.

Қазірге дейін бізге жеткен ақпараттарға сенсек, азаматтар кадрлық резервке 3 жылдық мерзімге алынады екен. Бұл туралы аталған кадрлық резервке үміткерлерді іріктеу бойынша Маңғыстау облысы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз брифингінде айтылды. Осы өңірдегі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Әдеп жөніндегі кеңестің, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басшылар қатысқан жиналыста, іріктеудің қалай өтетіні жайлы айтылды.

Осы отырыста айтылған ережелерге сүйенсек, азаматтар кадрлық резервке үш жылдық мерзімге алынады. Және іріктеуге мемлекеттік саяси қызметшілер қатысырылмайды. Ал жаңағы резервке өткен үш жылдың ішінде тиісті бос жұмыс орны анықталған жағдайда резервтегі кадр саяси һәм басқарушылық лауазымына сай қызметке ұсынылатын болады.

«Жастар кадрлық резерв» жобасы және «Президенттік кадрлық резерв» жобасының жариялануы елімізде жас мамандарға деген сұраныс пен қолдаудың күн санап артып келе жатқанын көрсетеді. Осы бастамалардың өзі жастарға деген мемлекет тарапынан беріліп отырған мол мүмкіндік. "Жастар жылына" орай көрсетіліп отырған қолдау деп білеміз. Аталған жобалар "ел ертеңі" болған жастардың осы бастан пісіп-жетіліп, мықты маман болуына өз септігін тигізетін болады.

Сөз соңына қарай, «Жастар кадрлық резерв» жобасы және «Президенттік кадрлық резерв» жобасын салыстыра кетуге тура келіп тұр. «Нұр Отан» партиясы қолға алып, жүзеге асырып жатқан «Жастар кадрлық резерв» жобасының басты мақсаты жастарды шын мәнінде ел ертеңі, ұлт болашағы ретінде қазірден бастап тәрбиелеу болып табылады. Бұнда жастар арасында мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес және қоғамдық қызмет саласы үшін заманауи, тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру үшін арнайы жұмыстар атқарылады.

Бұл жобаға іріктеу 26 шілде басталған. Тамыз айында өз жалғасын тапты. Жобаның соңғы қорытындысы бойынша еліміздің әр аймағынан үш адамнан жиыны елу бір жас іріктеліп алынады деп жоспарланып отыр. Іріктеліп алынған жастардың 34-і Парламентте, тағы 17-сі орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда тәжірибе алмасудан өтіп, арнайы тәжірибе қабылдайды. Сөйтіп, болашақ мемлекеттік қызметкерлердің іргетасы қаланады.

Бұл жобаға қатысу үшін өтініштер бесінші қыркүйекке дейін қабылданады. «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібектің айтуынша, жобаға іріктеу ешқандай аға-көкесіз өтеді. Үміткерлер тек өз күштеріне сүйенеді. Сөйтіп, өз білімі мен күшіне сенетін, болашақта ірі жұмыстар істегісі келетін үздік жастар таңдап алынады. Осылайша бұл жоба болашағынан үміт күттіретін жастар үшін жауапты жұмысқа көтерілуіне әлеуметтік баспалдақ рөлін атқаратын болады. Жастар осы жоба арқылы өзін мемлекеттік маңызды жұмыстарда сынап көруіне, және тұлғалық дамуына мүмкіндік алады.

Ал «Президенттік кадрлық резерв» жобасы да жастар үшін әлеуметтік лифт қызметін атқарады. Бұл жобаға іріктеу де аса қатаң түрде әділ өтетін болады. Бұл жайлы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтып берді. Оның айтуынша, іріктеу тек мемлекеттік қызметкерлердің арасында ғана емес, экономиканың барлық саласында жүргізіледі. Бұл салада экономистер мен ІТ мамандарына сұраныс мол. Сонымен қатар, киберқылмысты ашатын мамандарға сот жүйесінің сұранысы барынша артып отыр. Сонықтан дәл осындай экономикалық саладағы мамандар «Президенттік кадрлық резерв» жобасына барынша  іріктелетін болады.

Екі жобадағы тағы бір шағын айырмашылық үміткерлердің жас ерекшелігіне байланысты болып отыр. Атап айтақанда «Жастар кадрлық резерв» жобасына 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтар қатысуға мүмкіндік алады. Ал «Президенттік кадрлық резерв» жобасына 35 жасқа дейінгі жоғары білімі мен бес жыл жұмыс өтілі бар кез келген жас азаматтар қатысатын болады. Демек, екі жоба да жастардың өздерін тұлға ретінде танып, мемлекеттік маңызы бар істерге қадам басуына мүмкіндік жарататын болады.

Abai.kz 

0 пікір