Жексенбі, 28 Сәуір 2024
2565 0 пікір 9 Тамыз, 2019 сағат 11:39

Тұрмыстық зорлыққа ұшыраған әйелдерге мемлекет тегін көмек көрсетеді

Елбасы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілген болатын. Бұл тұрғыда елімізде іргелі істер атқарылып жатыр.

Мәселен, сол жарлықтың негізінде  “Отбасы – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы” Заңы да қабылданған болатын. Бұл әйелдер мен балаларға қатысты болатын түрлі зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар, Елбасы айтқан гендерлік саясат қазір елімізде әлемдік үрдістер негізінде жаңартылып, қоғамның әр саласында , саяси құрылымдарда нәзік жандылардың үлесі артып келеді. Еліміз 1998 жылдың 29-маусымы күні әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрін жою туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясына қосылды. Аталған конвенция негізінде “Әйелдердің саяси құқықтары туралы”, “Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы” конвенциялар бекіткен болатын.

Ал, мұндай қадамдар еліміздегі гендерлік саясат саласына оң ықпалын тигізгені рас. Мәселен, бүгінде еліміздің әр аймағынан нәзік жандыларға арналған зорлық-зомбылыққа қарсы дағдарыс орталықтары ашылды. Әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырамауы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның назарында болады.

Екі мың он алтыншы жылы отандық продюсер Баян Мақсатқызы осындай тұрмыстық зорлық зомбылыққа ұшырап, қоғамды дүр сілкіндірді. Аталған оқиға еліміздегі әйел адамдардың құқығы қай деңгейде қорғалады деген заңды сауал туындатты. Сөйтіп, Баян Мақсатқызының өзі де әйелдердің құқығын қорғайтын қор құруға бекінді. Ал, елге белгісіз қанша әйел тұрмыстық зорлық зомбылықтың зардабын тартып жүр?

Қазақстан Республикасы кризистік орталықтар одағының ақпаратына сүйенсек, елімізде жыл сайын 400 г жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қайтыс болатын көрінеді. Бұл тұрғыда әйел адамдарға көрсетілетін мемлекет тарапынан тегін көмектер бар екенін айта кету керек. Аталған мемлекеттік көмек әйел адамдардың өз құқығын қорғап, заңдық тұрғыдан көмек алуына септігін тигізеді. Ол үшін арнайы сенім телефондарына хабарласу қажет. Сондай нақты әрекеттер арқылы өзін де, балаларын да қауіптен қорғап қалады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне сәйкес, әйеліне қол көтеріп, дене жарақатын салған ер адам кемі 15 күнге түрмеге отырады. Сонымен қатар айыппұл арқалап, әкімшілік жауапкершілікке де тартылады.
Тағы бір маңызды мәселе – еліміздегі жетім балалардың жай-күйі. Бүгінде Қазақстанда жетімдер үйінің саны едәуір азайған. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі тартқан ақпаратқа сәйкес, 2010 жылы балалар үйінде он бес мың бала тәрбиеленсе, қазіргі таңда олардың саны 6223 болған. Яғни, жетімдер үйінде тәрбиеленетін балалардың саны 60% ке азайған. Сәйкесінше, балалар үйінің саны кеміп, ол жердегі тәрбиеленетін балалар саны азайған болып табылады.

Айта кетейік, елімізде екі жыл бұрын республикалық жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған банк ашылған болатын. Нәтижесінде 2017 жылдың алғашқы айларында сол банк арқылы төрт жүзге жуық бала асырап алынды. Ал, 219 бала патронаттық тәрбиеге екі мың бес жүзге жуық бала қорғаншылыққа, берілген болатын.

Бұл да мемлекеттік саясаттың оң ықпалының арқасында болған.Одан бөлек, бірнеше жетім баланы асырап, оларды қоғамның әр саласынд еңбек етуге баулып келе жатқан қайырымды жандар да аз емес. Бүгінде ондай жандарға мемлекет тарапынан да жеке кәсіпкерлер тарапынан да үлкен қолдау бар.

Қалай десек те, отбасы – шағын мемлекет. Ал, үлкен мемлекет кішкентай отбасылардан құралады. Елімізде екі мың он үшінші жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісі отбасы күні болып бекітілген. Бұл мерекені бекіту арқылы елімізде неке мен отбасы институтын нығайту басты мақсат болған. Сонымен қатар, отбасылық құндылықтың маңызды екенін ұғындыру мақсатында жыл сайын елімізде “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауы да ұйымдастырылып келеді. Осының барлығы мемлекетімідің отбасы құндылықтарын қоғам үшін маңызды екенін ұғындыруға бағытталған іргелі істер.

Тағы бір айта кетерлігі Қазақстан Респбуликасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмек ұйымдастыру департаментінің ақпаратына сәйкес, қазақстанда күн сайын бір мыңға жуық,ал, жыл сайын төрт жүз мыңға жуық нәресте туылады екен. Ал, елімізде соңғы он жылда бала туу көрсеткіші 30 % ке жуықтаған. Тағы бір айта кетерлігі мемлекеттік бағдарламалардың оң ықпал етуі нәтижесінде салмағы 500 грамнан жоғары мерзімінен ерте туылған нәрестелердің өмірін сақтап қалу мүмкіндігі артқан. Яғни, мемлекеттік саясат ана мен баланың өмірінің қауіпсіздігі үшін қашан да қолдау білдіруге даяр.

Бұл – Елбасының Ұлт жоспары 100 нақты қдам бағдарламасында да айтылған. Яғни, құқық бұзушылықтардың алдын алу, зорлық-зомбылық фактілеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру үшін Қазақстанның Бас Прокуратурасымен бірлесе “Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” жобасы іске асырылған болатын.

Аталған жобаның мақсаты – тұрмыста кездесетін зорлық-зомбылықпен күрес бойынша тиімді, кешенді жобаларды дайындау, сонымен қатар тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылық фактілерін азайту болып табылады.

Түйін. Халқымыз қашан да ананың һәм отбасының орны мен қадір-қасиетін терең түсінген. Ал, қазіргі бағыт алған мемлекеттік саясат та сол бір көнеден келе жатқан халқымыздың анаға деген құрметінің жаңаша сипат алуы деп айтуға болады. Сондықтан да нәзік жандылардың әр салада табанды еңбек етіп, отбасында да ел өмірінде де маңызға ие болып жатқаны содан. Мемлекет тарапынан ана мен балаға деген осындай қамқорлық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз. Себебі, ана мен бала біздің мемлекетіміздің һәм оның жүргізіп отырған саясаты үшін ең маңызды фактор болып табылады. Ал олардың құқығының бұзылмауы үшін мемлекет қашан да оң шешім қабылдап келеді.

Abai.kz

0 пікір