Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
6275 1 пікір 12 Тамыз, 2019 сағат 10:04

Ана мен бала құқығы мемлекет үшін қашан да маңызды

Ана мен бала құқығы қашан да маңызды тақырып. Елімізде ана мен баланың жағдайына жеткілікті көңіл бөлініп келеді. Себебі, ҚР Конституциясында мемлекеттің негізі – адам капиталы екендігі анық жазылған. Бұл тұрғыда Елбасы Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Халыққа арнаған жолдауларында да ана мен бала мәселесі назардан тыс қалған емес.

Мәселен, Елбасының “Қазақстан-2050” Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауында:

-Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Олар банк карточкаларына ие болуға, көлік жүргізіп, қызмет жолын қалыптастыра алуға, заманға сай болуға, сәнденуге тиіс және біздерде ешқашан киілмеген, салтымызға жат киімдерге оранып-қымтанбауға тиіс. Біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар. Халқымыз "Қыздың жолы жіңішке" дегенге ерекше мән беріп айтады. Бойжеткеннің жолы, қыздың жолы – қылдай, оны үзуге болмайды. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның теңқұқылы мүшесі, ал ана – оның ең ардақты тұлғасы болды. Біз әйел затына – анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз,- деп атап көрсеткен.

Сонымен қатар, Елбасы үнемі мемлекет үшін де, жеке өзі үшін де ананы қорғау – ерекше мәселе деп айтып келеді. Осы негізде аналардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған бірнеше нақты қадамдар да жасалған болатын.

Айта кетейік, мемлекет тарапынан бала құқығын қорғауға да айрықша мән беріліп отыр. Ол туралы Елбасы өз жолдауларында “Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі. Сондықтан олардың құқығы қорғаулы тиіс. Мен Елбасы ретінде әрбір сәбидің құқығының қорғалуын талап етемін. Біздің жерімізде туылған әр сәби- қазақстандық. Және ол сәбиді мемлекет қамқорлығына алуға тиіс” деген болатын.

Әрине, бұл тұрғыда баланың өміріне ең бірінші жауапты тұлға – әке мен ана екені рас. Яғни, кез-келген ата-ана өмірге әкелген баланың өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне тікелей жауапты.

Дегенмен, түрлі қиындыққа ұшырап, тағдыр тауқыметін тартқан аналар үшін елімізде “Аналар үйі” ашылған болатын. Басты мақсат – қмірде қиындыққа тап болып, тығырыққа тірелген аналарды қараусыз қалдырмау. Ол жерде кәмелетке толмаған жасөспірімдерден бастап, 30 жасқа дейінгі аналар паналай алады.

Бүгінде, республика бойынша 19 қалада 25 аналар үй бар. Мұндай орталықтар алғаш рет осыдан алты жыл бұрын Нұр-Сұлтанда ашылған.

Қазірде мұндай орталықтар тағдыр тауқыметіне ұшыраған қыз-келіншектерге үлкен пана болуда. Ол орталықтар бүкіл Қазақстандағы перзентханалармен тығыз байланыста. Осы орталықтардың жұмысының нәтижесінде тығырыққа тіреліп, баласынан бас тартпақ болған талай қыз-келіншектер өз ойларынан қайтып, өмірге басқаша көзқараспен қарауда. Аталған мекемеде кез-келген қыз-келіншекке сәбиінің ширап, буыны бекігенше барлық жағдай жасалады. Яғни, ол жерде бала бір жарым жасқа толғанша тегін тұруға, әлеуметтік-моральдық тұрғыдан көек алуға, баласының құжаттарын реттеуге барлық жағдайлар жасалады. Одан бөлек, білімі жоқ қыз-келіншектердің оқып, мамандық алуына да көңіл бөлінген.

Яғни, бұл орталықтардың басты мақсаты – қорғансыз қалған ана мен баланың жағдайын жасап, оларға пана болу. Елімізде ата-ана қамқорлығысыз алған тірі жетімдердің санын азайту. Қазір осы орталықтың қызметінің арқасында баласын тастауға бекінен аналардың 70 % і өз ойларынан қайтып, өмірге қайта бейімделген.

Ал, жалпы елімізде Ана мен баланың құқығын қорғайтын орталықтар мен мекемелер көп. Алғаш рет осыдан 13 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жанынан балалар құқығын қорғау жөніндегі Комитет құрылған болатын. Аталған министрліктің ведомствасы азаматтарды  Нұр-Сұлтан қаласындағы Министрліктер үйінде қабылдайды. Сонымен қатар, азаматтар аталған мекемеге 111 номері арқылы хабарласып, өз мәселесі бойынша көмек сұрай алады. Бұл мекеме барлық баланың құқығын қорғап олардың балалық шағының қамсыз өтуі үшін әрекет жасайды. Мәселен, өткен жылмен осы жылдың басындағы мәлімет бойынша, оқуға бармай, он күннен астам сабаққа себепсіз қатыспаған 236 оқушы анықталып, олардың әрқайсымен жеке жұмыстар жүргізілген. Сол жұмыстардың нәтижесінде мектепке бармай, әртүрлі жағдайда құқығы тапталып жүрген он бір оқушы мектепке қайта қайтарылып, сабағын жалғастырған.

Сонымен қатар, “Қазақстан Республикасы кизистік орталықтар одағы” деп аталатын мекеме бар. Аталған мекеменің республиканың 11 өңірінде 18 ұйымы жұмыс істейді.

Аталған одақтың міндеті – ана мен баланың құұығын қорғау. Яғни, ол жерде 150 номері арқылы балаларға көмек көрсетілсе, 1415 номері арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерге қолдау білдіріледі. Сонымен қатар, адам саудасы қылмысының алдын алу үшін 11616 номеріндегі сенім телефондары жұмыс істейді.

Осыдан он екі жыл бұрын республиканың барлық өңірінде балалар құқығын қорғайтын және оларға заңдық тұрғыдан, психологиялық тұрғыдан, ақпараттық тұрғыдан көмек көрсетіп, қолдау білдіретін Департамент құрылған болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы бала құқықтары жөніндегі тағайындалған уәкіл де ана мен баланың құқығын қорғауға атсалысып, оларға қызмет көрсетуге даяр.

Бүгінде еліміздегі балалар омбудсмені болып Аружан Саин тағайындалған болатын.

Қорыта айтқанда, ана мен бала мәселесі және олардың құқығы мемлекет үшін қашан да маңызды. Сондықтан да, мемлекет тарапынан олардың барлық құқығы ел үшін ең маңызд құжат заңмен қорғалады. Аналардың сапалы білім алып, түрлі салада қызмет жасап, ансаптық тұрғыда көтерілуіне, балалардың тегін білім алу құқығын ешкім де шектей алмайды.

Бұл мемлекетіміздің және оның басшыларының ежелден келе жатқан аналарды ерекше қадірлейтін ұлы қасиетін мемлекеттік дәрежеге көтерігенінің бір сипаты деп білеміз.

Abai.kz

1 пікір