Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3685 0 пікір 21 Шілде, 2011 сағат 22:54

АҚШ: Қазақстан лаңкестік қауіп төндіретін елдердің қатарында

Американың ұлттық қауіпсіздік басқармасы дәл осылай деп отыр. АҚШ-тың иммиграциялық қызметінің ерекше тізіміне «лаңкестік ұйымдар мен олардың өкілдеріне қатысы бар һәм қолдау көрсететін белгілер байқалатын» елдер кіреді екен. Бұл жерде Қазақстан ғана емес, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстанда кіріпті. Ақпараттарға қарағанда, Аталған тізімді қандай негізге сүйеніп, жасайтыны жөнінде Американың ұлттық қауіпсіздік басқармасының өкілдері ләм деп ауыз ашпапты.

Хош, сонымен АҚШ үшін құбыжық елге айнала бастадық. Әлбетте, мұның өткендегі Кеңқияқ пен Шұбаршидегі қанды оқиғалардың және соңғы жылдары қоғамның көзіне шыққан сүйелдей болған исламдық теріс пиғылды діни ағымдардың әрекетімен сұлбаласып жатқаны рас. Әйтпесе, Американдық «Форбс» журналынан байларымызды ғана көріп, көзайым болып жүрген біздің елдің әлгі аты жаман тізімге ілікпесі анық.

Сарапашылар биліктің діни мәселені реттеу мен бақылауды кештетіп қолға алғанын дін істері жөніндегі агенттік құрылғаннан бері айтып келеді. Жан бар сөз. Егер билік діни істері жөніндегі агенттікті құрмас бұрын мүфтияттың құзіретін күшейту арқылы исламдық діни ағымдармен алысқанда Ақтөбедегі оқиғаның алдын алуға болар ма еді, кім білсін. Билік тек өзіне қауіп төне жаздаған сәтте ғана барып, шырмауықтай шырмалған діни ағымдармен айқасқа шықты. Іле-шала Америкада тізіміне қоса қойды. Әмбесі, «бір ұлт, бір дін» деген ұсыныспен шыққан дін істер жөніндегі агенттіктің басшысын кейбір депутаттар «көпұлтты елімізге түскен көлеңке» деп сынға алғанының өзі Үкіметтің дін мәселесінде әлі дүдәмал күйде екенін айғақтады. Олай болмаса, «Нұр Отан» партиясының бағынышты депутаттары Үкіметтің құзырындағы комитетке айтақсыз қарсы шықпасы белгілі.

Американың Қазақстанды тізімге тіркеп жіберуінің астарына Орта Азия мен Қазақстанға қатысты ұзақ жылдарға арналған саясатының бір ұшы жатуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Бар гәп - мұнай. Оның үстіне Барак Обама Ақ үйге кірер кезде «Ауғанстаннан әскерді шығарамын», деп сайлаушыларына уәде берген. Келесі сайлау болса жақындап қалды. Өтірік уәде екенін білсе де сене салатын біздің сайлаушылар мен АҚШ-тың сайлаушыларын салыстыруға келмейді. Демек, тізімнің түбі тереңде.

Айтпақшы, ресми ақпаратқа қол жеткізу қиямет-қайым біздің елде болар я болып жатқан дүниенің алып-қашпа әңгіме түрінде жүретінін ескерсек, әкейбір ниеті жаман діни ағымдардың қамқоры билік те» деп келетін ұзынқұлақтың әңгімесінің ақиқаты АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік басқармасы өкілдерінің: «лаңкестік ұйымдар мен олардың өкілдеріне қатысы бар һәм қолдау көрсететін белгілер байқалатын елдер» дегенінде жатпасын?!

Енді кімге сенеміз, «Ақтөбедегі мұнай ұрлықшыларымен арнайы әскери жасақтар жіберіп алысқан» билікке ме, жоқ АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік басқармасының тізіміне ме?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 633
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 400
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 371
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 374