Жұма, 3 Мамыр 2024
4545 0 пікір 26 Шілде, 2019 сағат 19:28

«Жастар жылы» жастарды нұрлы болашаққа бастайды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «Ел ертеңі – жастар» деген әйгілі сөзін бәріміз білеміз. Бұл сөз еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы болған жастарға деген Елбасының шексіз сенімі мен үмітін бейнелесе керек.

Елбасы әрдайым жастарға қолдау білдіріп, қамқорлық көрсетіп жүреді. Тәуелсіздік туын қадаған алғашқы жылдардан бастап Елбасының жастарына сенім артпаған, қолдау білдірмеген кезі жоқ. Бұндай қолдауды шын көңілімен сезіне білген ел жастары мемлекет үшін тынбай тынымсыз тіршілік етіп келеді.

Елбасының жастарға деген қолдауының айқын көрінісін айтайық. 2019 жыл қазақстандық жастар үшін жақсылыққа толы жыл болғалы тұр. Бәріміз білетіндей бұл жыл Елбасының бастамасымен "Жастар жылы" деп жарияланды. Соның айқын көрінісендей жыл басынан бері жастарған деген қолдау ерекше мол.

Әңгімемізді бастамас бұрын, "Жастар жылының" жариялануы жайлы бір ауыз мәлімет бере кетейік. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің өткен жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды елімізде Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осының өзі аса құрметті Елбасымыздың жастарға жас буынға деген шекіз сенімінің көрінісі деп білеміз.

Елбасының осы Жолдауына сай еліміздің түкпір-түкпірінде жастарды қолдауға бағытталған іс-шаралар өтіп жатыр. Соның бірі, бірі болғанда да бірегейі «Нұр Отан» партиясы қолға алып, жүзеге асырып жатқан «Жастар кадрлық резерв» жобасы дер едік.

2019 жылдың 26 шілдесінен бастап «Жастар кадрлық резерв» жобасына өтініш қабылдау жұмыстары басталды. Бұл жобаның мақсаты - жастар арасында мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес және қоғамдық қызмет саласы үшін заманауи, тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру екені белгілі.

Жобаның соңғы қорытындысына сай Қазақстанның әр аймағынан үш адамнан 51 жас іріктеліп алынады. Іріктеліп алынған жастардың отыз төрті Парламентте, он жетісі орталық мемлекеттік органдарда және ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтіп, тәжірибе қабылдайды.

"Биыл мерейтойлық 10-шы рет өткізіледі жоба. Мына 10 жылдың ішінде 15 мыңнан астам жастар жобаға қатысты. Оның ішінде 468 жоба қатысушысы мәжілісте, сенатта, мемлекеттік органдарда өз практикасын өтті", - дейді «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова.

Аталған конкурсқа қатысушыларды облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, сонымен қатара, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, БАҚ және бизнес саласы өкілдері кіретін арнайы комиссиялар іріктеп алады. Бұл жобаға 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтар қатысуына болады. Жобаға қатысу үшін өтінімдер онлайн түрде jastar-reserv.kz сайты арқылы 5 қыркүйеке дейін қабылданатын болады.

"Ешқандай аға-көкесі жоқ, өз күшімен ары қарай өскісі келетін, біліміне сенетін жастардың дамуына жағдай жасау. Әлеуметтік лифт ретінде, әлеуметтік тепшек ретінде жастардың жаңа орындарда өзін байқап, сынап көруіне, өзінің білімінің жетуіне шығармашылық және тұлғалық дамуына әсер ететін біздің жобалардың бірі", - дейді «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек.

Сөз соңында айтпағымыз, бұл бастаманың өзі жастарға деген мемлекет тарапынан беріліп отырған мол мүмкіндік. "Жастар жылына" орай көрсетіліп отырған қолдау деп білу керек. Біздің білуімізше, «Жастар кадрлық резерв» жобасы Елбасы сөзімен айтқанда "ел ертеңі" болған жастардың осы бастан пісіп-жетіліп, мықты маман болуына өз септігін тигізетін болады. Елбасы "Жастар жылы" деп жариялаған 2019 жылы дәл осындай мемлекеттік бағдарламалардың арқасында еліміздегі көптеген жастар жұмыспен қамтылып және үлкен өмірге нық қадам басады деп сенеміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 822
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 658
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 523
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 536