Жұма, 3 Мамыр 2024
3357 3 пікір 26 Шілде, 2019 сағат 13:29

Қырғызстанның «Кабар» агенттігінің тілшілері Абайдың өлеңін жатқа оқыды

Қырғызстанның ұлттық ақпарат агенттігінің тілшілері Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған эстафетаны «Кабар» қырғыз ұлттық ақпарат агенттігі «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінен қабылдап алып, эстафетаны «ЭлТР» телерадиокомпаниясына, Алыкул Осмонов атындағы ұлттық кітапханаға және Ұлттық ғылым академиясының Ш. Айтматов атындагы Тіл және әдебиет институтына жолдайды», делінген қырғыз агенттігінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Татар-Информ» ақпарат агенттігі Абай шығармашылығына арналған эстафетаға үн қосқан болатын.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 848
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 700
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 548
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 553