Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
3013 0 пікір 25 Шілде, 2019 сағат 15:42

Қызылордалық спортшылар жеңімпаз атанды

Индорхоккейден Тайландтың Чонбури қаласында өткен Азия кубогында Сыр спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Ерлер мен əйелдер арасында өткен додада қызылордалық спортшылары еліміздің намысын қорғаған еді.

Əйелдер командасы Азия кубогының жеңімпазы атанса, ерлер командасы күміс жүлдеге ие болды.

Ел құрамасының сапында əйелдер арасында Гузал Бахаваддин мен Алиса Чепкасова, ерлер арасында Нұрхан Сансызбаев, Бақытбек Сəрсенбайұлы жəне Дəулетбек Əлиев өнер көрсетті.

Спортшылар енді Талдықорған қаласында 1-10 тамыз күндері көгалдағы хоккейден өтетін ҚР 5-ші жазғы Спартакиадасына, 25-30 тамыз аралығында Алтай өлкесі Барнаул қаласында Ресей Федерациясының 3-айналымына жəне 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында Талдықорғанда Орталық Азия кубогы жарыстарына қатысады.

Айта кетейік, спортшыларды жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындады.

Abai.kz

0 пікір