Жұма, 10 Мамыр 2024
2380 2 пікір 16 Шілде, 2019 сағат 10:10

Миллиардер Питер Тиль: АҚШ арнайы қызметі Google'ды тексеруі тиіс

Америкалық танымал кәсіпкер, қаржыгер, мультимиллиардер Питер Тиль Федералдық барлау бюросы мен Орталық барлау басқармасын Google компаниясына қытай тыңшылары кіріп кетпегенін тексеруге шақырды.

Тиль жексенбі күні Вашингтонда консерваторлар конференциясында сөз сөйледі. Ол — Facebook директорлар кеңесінің мүшесі және PayPal онлайн төлем жүйесінің негізін қалаушылардың бірі.

“Арнайы қызмет Google басшылығына үш сұрақ қоюы керек. Бірінші: компанияның жасанды интеллектпен айналысатын Нью-Йорктегі филиалына қанша шетел тыңшысы енген? Екінші сұрақ: Google топ-менеджменті компанияны қытай агенттері жайлағанын мойындай ма? Үшіншісі: Google компаниясы америкалық әскермен әріптестіктен бас тартып, қытай барлауына тәуелділікке ұшырағандықтан да Қытай әскерімен сатқындық келісімге келіскен бе?“ - деді миллиардер.

Google CNBC телеарнасының Питер Тиль мәлімдемесіне қатысты сауалдарына жауап бермеді.

Өткен жылы баспасөзде қытай нарығынан кеткен Google компаниясы оған қайта оралып, ҚХР жарамсыз деп таныған іздеу жүйесінің өзгертілген түрін ұсынғысы келетіні туралы мәлімет жарияланған. Dragonfly (“Дәуіт“) деп аталатын бұл жоба қоғамның ғана емес, компанияның көптеген қызметкерінің сынына ұшырады. Кейбір мәліметтер бойынша, жоба тоқтатылған.

Жақында Google жасанды интеллект бағдарламасын дайындау бойынша Пентагонмен келісімін созбайтындығы мәлім болды.

АҚШ пен Қытай соңғы уақытта қытайдың Huawei корпорациясының әрекетіне қатысты дауалып келеді. Құрама Штаттар америкалық компанияға онымен жұмыс істеуге тыйым салды. Дегенмен, жақында бұл тыйымның жұмсарғаны мәлім болды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1862
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1902
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1601
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1465