Жұма, 10 Мамыр 2024
2582 0 пікір 15 Шілде, 2019 сағат 16:57

Сенатор Арыстан келген балалар тобын қарсы алды

Арыс қаласының балалары 12 шілде мен 3 тамыз аралығында демалу үшін Алматыға келген болатын.

Олар қала маңында орналасқан «Өрнек» жазғы сауықтыру лагерінде демалатын болады. Төтенше жағдайлардан зардап шеккен 150 бала сауықтыру шараларынан өтуге және уақытын жақсы өткізуге мүмкіндік алып отыр.

Жас қонақтардың алғашқы тобын алматылықтар перронда қарсы алды. Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева да жас меймандарды қарсы алушылардың арасында болды. Сенатор жеткіншектермен әңгімелесіп, олардың бәріне демалыстарының жақсы өтуіне тілектестігін білдірді.

- Бүгінгі күні арыстық балаларға барлық жағдай жасалған. Балаларға арналған тамақтану және демалыс шаралары толық қарастырылды. Әр күнге әр түрлі ойын-сауық жоспарланған. Балалар денсаулықтарын түзейді, оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Сондықтан, олар жақсы демалады деп ойлаймын, - деді Динар Нөкетаева.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1891
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1952
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1644
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1495