Жұма, 3 Мамыр 2024
3319 0 пікір 11 Маусым, 2019 сағат 18:20

Елбасы Жолдауында білім беру саласын жетілдіруді тапсырды

Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі. Білімі мен ғылымын қатар дамытқан ел әлемдік аренада өз орнын ойып тұрып алады. Бұл ұстаным әр дайым мемлекет басшыларының басты назарында болып келеді. Алғаш тәуелсіздік алған сәттен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің жол сілтеуімен жастар саясаты жақсы жолға қойылып, елдің ертеңі болған жас ұландарымыз ұлттық бағытта тәрбиеленіп келеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастардың сапалы білім алуына әр кез көңіл бөліп келеді. Балалардың алаңсыз білім алып, сапалы ұрпақ болып қалыптасуы үшін мемлекет тарапынан тоқтаусыз қолдау көрсетіліп келе жатқаны белгілі. Бұл сөзіміздің дәлелі жыл сайын ашылып жатқан жаңа мектептер, бала бақшалар мен құрлысы жыл сайын жаңарған университеттер. Елбасы өзі бастамашы болған "100 мектеп" жобасының аясында да еліміз көлемінде көптеген білім ошақтары бойы көтерді.

Елбасы өткен жылдың қазан айының бесінде Қазақстан халқына арнап дәстүрлі Жолдауын жариялады. Кезекті Жолдауда да елдегі ең өзекті мәселелер сөз болып, халықытң әл-ауқатын көтеру, халық тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру мәселелерін жан-жақты саралап, нақты тапсырмалар берді.

Аталған Жолдаудың екінші тарауы "қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру" деп аталды да, бұл тарауда ел тұрғындарының тұрмыс сапасын бұрынғыдан да жоғарлата түсу мақсатында арнайы тапсырмалар берілді. Осы тараудың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесіші тармақтарында білім саласының жұмысын одан әрі жақсарту тұрғысынан тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, білім беру ошақтарының сапасын жақсарту, оқушылар мен оқытушылардың ішкі-сыртқы қысымын азайту, сонымен қатар, мектептер мен бала бақшалардағы қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныс-тапсырмалар айтылды.

"Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатында оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған  өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын".

Бұл Елбасы Жолдауынан алынған үзінді. Көріп отырғандарыңыздай Тұңғыш Президент  еліміздің білім саласындағы ең өзекті мәселені сөз етіп отыр. Біздің кей өңірлерде шынымен парта-орын жетіспейтін жағдайлар бар. Кей мектептерде оқушылар бірнеше ауысыммен оқып жүргені жасырын емес. Осы мәселені көзде ұстаған Елбасы 2019-2020 жылғы оқу жылында бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге бөлуді тапсырған болатын.

Одан бері жарты жылдан артық уақыт өтті. Бәріміз осы тапсырмалардың нақты жемісін көріп жүрміз. Сөзіміздің дәлелі ретінде айта кетейік, күні кеше Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында 900 орынға арналған су жаңа мектептің құрлыс жұмыстары басталып кетті. Бұл қуанышты хабар барша ақпарат құралдарында жазылып жатыр. Бізде сол ақпаратпен бөлісе кетуді жөн көрдік.

Бұл мектеп салынып бітсе тек Жезқазған қаласының ғана емес, көршілес Ұлытау ауданының да жеткіншектері білім алатын болады. Қазіргі таңда мектеп құрлысы басталып, оқу ғимапаттарының іргетасын құю, бағаналарды орнату сынды алғашқы жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Мектепті облыста бұған дейін де бірнеше қала мен аудандарда түрлі нысандар салумен айналысып жүрген «Аспап» өндірістік кооперативі қолға алып отыр.

Жоспар бойынша, жаңа мектепте инклюзивті оқыту жолға қойылмақ. Бұндай заманауи білім ошақтары оқушылардың бапалы білім алуына мол мүмкіндік тудырады деп сенім артуға әбден болады. Оқу ордасының құрлыс жұмыстары 2020 жылдың қыркүйегіне дейін аяқталды деп жоспарланып отыр. Егер жоспардағыдай болса 2020-2021 жылғы оқу маусымынан бастап оқушыларды қабылдайтын болады.

Сөз соңында, елдің ертеңі, ұлттың болашағы болған жастарды сапалы біліммен сусындататын осындай білім ошақтарының көптеп салынғанын қолдаймыз. Елбасының Жолауда айтқан тапсырмаларына орай, әр өңірде оқушыларды толық қабылдай алатын, ауысымсыз оқыта алатын сапалы мектептер салынғаны жөн.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 878
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 739
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 569
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 577