Жексенбі, 28 Сәуір 2024
46 - сөз 3254 10 пікір 19 Маусым, 2019 сағат 17:06

Астанада Жұмабек Тәшеновқа ескерткіш орнатылады

Петропавл қаласында тұратын Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматтары Жақсылық Ысқақов пен Болат Сағындықов, сондай-ақ Зейнолла Олжабаев, Таңат Сүгірбаев, Амангелді Кенжеғозинов, Ахметжан Қуантаев, Жангелді Тәжин және Сағындық Салмұрзин сынды белсенді ағаларымыз еліміздегі Президент сайлауы қарсаңында «Nur Otan» партиясынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде маған хат жолдап, астанамыз Нұр-Сұлтан қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневке ескерткіш орнатуға көмектесуімді сұраған еді.

Мен осы жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының бұрынғы әкімі Бақыт Сұлтановқа хат жазып, халқымыз айрықша ардақ тұтатын тарихи тұлғаның дүниеге келгеніне келесі жылы 105 жыл толатындығын ескере отырып, оған астанада лайықты ескерткіш орнату мәселесін қарауын өтінген болатынмын.
Бүгін астана әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов қол қойған ресми жауапты алып, қуанып отырмын. Қала әкімдігі Жұмабек Тәшеневке ескерткіш орнату үшін жер телімі және қаржы көзі қарастырылып жатқандығын хабарлапты. Ескерткіш елордадағы Жұмабек Тәшенев көшесінің бойында орнатылмақшы.

Ал Петропавл қаласында қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалу үшін басын бәйгеге тіккен қаһарман Ерге ескерткіш осыдан бірнеше жыл бұрын орнатылған болатын.

Кәрібай Мұсырманның facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір