Жұма, 3 Мамыр 2024
Тағайындау 4376 9 пікір 17 Маусым, 2019 сағат 14:45

Мәдениет және спорт министрі ауысты

Бүгін, 17 маусым Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтіп, Депутаттар Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалатын Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасын қолдады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері А. Райымқұловаға бірқатар сұрақтар қойды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың кандидатурасы Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 661
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 449
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 401
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 401