Сенбі, 4 Мамыр 2024
3211 0 пікір 11 Маусым, 2019 сағат 12:46

5 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ оң қарқыны сақталған

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы аясында биылғы қаңтар–мамыр аралығындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары қаралды.

ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов биылғы қаңтар–мамыр аралығында ЖІӨ оң қарқыны сақталғанын — өсім  4% құрағанын айтты.

«Инвестициялардың динамикасы ЖІӨ өсім қарқынынан жоғары. Осы жылдың 4 айындағы 6,7%-ға қарағанда, өсім 7,8%-ға дейін артты. Ауыл шаруашылығында және құрылыс саласында инвестициялар бір жарым есе өсті. Өнеркәсіпте инвестициялар 17,5% -ға өсті», — деді Р. Дәленов.

Өнеркәсіптік өндіріс биылғы қаңтар–мамыр айларында 2%-ға артты. Құрылыс саласында жеделдеу байқалады. 5 айдың ішінде өсім 8,8% жетті. Өнеркәсіптік объектілерді, автокөлік жолдарын, газ құбырларын салу жұмыстары, сондай-ақ ірі зауыттардағы құрылыс-монтаж жұмыстары ұлғайды.

Ауыл шаруашылығында тұрақты өсім байқалады. Өндіріс көлемі 3,7% артты.

Қызмет көрсету саласында жеделдеу байқалады. Есепті кезеңде бұл сала қаңтар-сәуір айларындағы 4,2%-ға қарағанда 4,7%-ға өсті. Аталған сектордың барлық салаларында динамиканың жеделдегені байқалады. Қызметтер сегментінде сауда ең жоғары өсімді көрсетеді. Сатылымдар көлемі 5 айда 7,5%-ға өсті. Бұл негізінен автокөлік құралдарын, авто бөлшектерді және мұнай өнімдерін сату көлемінің артуымен байланысты. Көлік саласында 5,3%-ға дейін жеделдеу белгіленген.

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Е. Досаев осы жылдың мамыр айындағы айлық инфляцияның 0,6% құрағанын атап өтті. Инфляция жылдық көрсеткіште — 5,3%. Ұлттық банктің болжамдарына сәйкес, инфляция 2019–2020 жылдарға белгіленген 4-6% нақтыланған мақсатты дәліз шегінде сақталады. Теңгенің айырбас бағамы 2018 жылдың соңындағы деңгейде сақталды.

Түпнұсқа: primeminister.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1013
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 883
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 662
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 744