Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2902 0 пікір 28 Маусым, 2011 сағат 01:01

Президенттік мәдениет орталығында Ислам каллиграфиялық көрмесі ашылды

ҚазАқпарат /Ақбота Күзекбай/ - Бүгін Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында ислам каллиграфиялық көрмесі ашылды. Бұл көрме Ислам конференциясы ұйымының Министрлер кеңесінің  38-сессиясы аясында ұйымдастырылып отыр.

Ұйымға қарасты орган саналатын Ислам тарихы, өнері және мәдениеті жөніндегі зерттеу институтының бастамасымен қолға алынған осы көрмеде отыздан астам каллиграфиялық жұмыстар ұсынылды.

Ислам тарихы, өнері және мәдениеті жөніндегі зерттеу институтының бас директоры Халит Эреннің айтуынша, орталық мұсылман ұлттарының тарихы, ғылымы, сәулет өнері, ислам мәдениеті мен өркениетіне байланысты барлық салалардағы зерттеу, құжаттандыру жұмыстарымен айналысады.

Каллиграфия әдемі өрнек түрінде берілген жазу болып табылады. Құран сүрелері, нақыл сөздер жазылған каллиграфиялық жұмыстар Түркиядан әкелінген. Жалпы, әлем бойынша каллиграфиялық жұмыстар қорының көбі аталған елдің Ыстамбұл қаласында сақталған.

Елордада өткізіліп отырған Ислам каллиграфиялық көрмесі 30 маусымға дейін жалғасады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 822
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 657
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 523
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 536