Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
3126 1 пікір 31 Мамыр, 2019 сағат 11:28

Мұқтаж жандардың 48 млрд теңге ипотекалық қарызын мемлекет өтеді - Дәурен Абаев

Қазақстанда мұқтаж жандардың 25 мың ипотекалық қарызы бойынша мемлекеттік көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында айтты.

«Өмірде түрлі жағдайдар болады және мемлекет кейбір азаматтар санатында ипотекалық қарызды өтеуге көмектесуі қажет. Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік қаражат есебінен 25 мың ипотекалық несие бойынша төлемақы беру қарастырылған», - деді министр.

Олардың жалпы көлемі шамамен 140 млрд теңгені құраған және оның 48 млрд теңгесін мемлекет өтеген.

«Менің ойымша бұл мұқтаж жандар үшін өте үлкен қолдау. Несиені толық сызып тастау - теріс тәжірибе. Көпшілігі бұл қарызды өтеу мемлекеттік аппараттың мойнында деп есептейді. Шын мәнінде бұл салық төлеушілерге жүк болады. Ипотекалық қарызды өтеуді талап етіп, ереуілге шығатындар арасында өз есебін түгендеп алғысы келетін пысықайлар да табылады. Мәселен, біреулер қала шетіндегі бір бөлмелі пәтер қарызын төлей алмай қиналса, кей адамдар Алматының қымбат ауданындағы коттедж немесе төрт бөлмелі пәтерінің қарызын жауып алғысы келеді. Жылдар бойы тірнектеп жарна жинап, маңдай терімен банк алдындағы қарызын өтейтін азаматтар да бар», - деп өз сөзін түйіндеді Д. Абаев.

Abai.kz

1 пікір