Жұма, 3 Мамыр 2024
2264 0 пікір 6 Наурыз, 2019 сағат 14:48

«Нұр Отан» партиясы халықаралық қарым-қатынастарды дамытуға ниетті

Еліміз егемендік алғалы ел ішіндегі тұрақтылығымен, сыртқы саясаттағы табынды ұстанымен әлемдік деңгейде жоғары бағаланып келеді. Әсіресе жаңа ғасыр табылдырығын аттағалы бері мемлекетіміздің жеткен жетістіктері айтып тауысқысыз. Бұны ең алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің ерен еңбегінен бөліп қарауға болмайды. Осы қатарда Елбасының ұстанымын ұлықтап, сындарлы саясатын жоғары деңгейде жүргізуге негіз болып отырған «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясын айтпау мүмкін емес.

Бәріміз білетіндей «Нұр Отан» партиясы жаңа ғасыр табалдырығын аттар тұста құрылды. Одан бері де табаны күректей жиырма жыл артта қалды. Осы аралықта пария өсіп, дамып мемлекеттік маңызы зор саяси ұйымға айналды. Қазіргі таңда пария ел халқының мүддесін қорғауда, ел экономикасын арттыруда үлкен істер атаруда. Партияның жалпы халықтың сипаты ретінде 2018 жылғы санақ бойынша партия мүшелерінің саны миллионнан асқанын айта кетейік. «Нұр Отан» партиясының облыс, аудандардағы филиалдары халықпен тығыз байланыс орнатып, орталық пен алыс ауылдардың алтын көпірі болып келеді.

Біз бұның бәрін не үшін айтып отырмыз. Елдің бәрі білетін бұл мәліметтерді қайта еске салуымыздың басты себебі партия қызметінің дұрыс бағытта жүріп жатқанына және Қазақстан халқының қызу қолдауына бөленіп отырғанын еске сала кету болатын. «Нұр Отан» партиясының ұйтқы болуымен қолға алынған, атқарылған игі істер аз емес екенін білеміз. Сондай маңызды ақпараттарды елге ұсынып, халықты хабардар ету бұқаралық ақпарат құралдарының басты міндеті.

Сөз басында айтқанымыздай, мемлекетіміздің сыртқы саясаттағы берік ұстанымдары халықаралық беделіміздің басты тірегі саналады. Еліміздегі бас партия ел ішіндегі халықтық мәселелермен қатар халықаралық деңгейдегі ірі шараларға да мұрындық болып келеді. «Нұр Отан» партиясы өзге шет елдер мен өз еліміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру бағытында табысты жұмыс істеуде. Соның бір көрінісі үстіміздегі айдың басында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Жапония мен Германияның еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшілерімен кездесті. Кездесу барысында әрине мемлекет аралық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселесі сөз болды.

Жапониялық Елші Тацухико Касаимен кездесу барысында екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдарынан бастап жүйелі жүргізіліп келе жатқаны айтылды. Содан бері отыз жылға жуық уақытта екі ел арасында түрлі саладағы өзара қатынастар дамып, ынтымақтастық нығайып келе жатқанын еске салған партия Төрағасының орынбасары бұның бәрі екі ел басшыларының жоғары деңгейдегі достық қарым-қатынасының арқасы екенін айтты.

Партия Төрағасының орынбасары екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар қарқынды дамып келе жатқанын да еске салды. Оның айтуынша, қазірігі таңда екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2 млрд. АҚШ доллардан асқан. Бәріміз білетіндей Жапония әлемдегі экономикалық қуаты жағынан аса қуатты елдердің бірі саналады. Бұл елдің озық технологиясы мен экономикық қуаты әлемде алдыңғы қатарда тұрады. Осы елден Қазақстанға соңғы он жыл көлемінде 6 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция тартылған.

Сонымен қатар, партия Төрағасының орынбасары Шығыс Азияның алыбы Жапония мен Орта Азия Барысы Қазақстан арасында саяси, экономикалық мәселелермен қатар ортақ өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбітшілікті сақтау және жаһандық түйткілдердің оң бағытта шешім табуына ықпал ету сияқты ортақ мүдделердің де бар екенін атап өтті.

Ал сөз кезегінде Жапония Елшісі екі ел арасындағы ұзақ мерзімді достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан дамыған экономикасы мен тұрақты саяси жүйесі қалыптасқан мығым ел. Сондықтан жапон тарапы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі болып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, Елші бас партияның Астанада өткен кезекті съезінде басты назарда ұстағандарын айтты. Партия съезінде көтерілген мәселелер әлеуметтік сипатқа ие деп бағалады.

Ал Германия мемлкетінің еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Тило Клиннермен өткен кездесуде де маңызды мәселелер сөз болды. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Германияның Еуропадағы аса маңызды серіктестеріміздің бірі екенін еске салды. Екі ел арасында тығыз қарым-қатынас қалыптасты деген Әшімбаев қос елдің мемлекет басшылары, мемлекеттік органдары сонымне қатар саяси партиялары да өзара әріптестік байланыста екенін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы жылдары екі ел арасындағы экономикалық байланыстар да өте қарқынды дамып келеді.

Партия Төрағасы орынбасарының мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда Германия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2 млрд. АҚШ доллары көлемінде екен. Бұған қоса, Еуропадағы аса сапалы да озық өнімдер шығарумен аты шыққан елдің Қазақстанға құйған инвестициясы соңғы он бес жыл көлемінде 8,6 млрд. АҚШ долларына жеткен. Бұл көрсеткіш бойынша айтқанда, Германия Қазақстан үшін ең ірі инвесторлардың бірі болып табалды екен. Мәулен Әшімбаев мұндай қарым-қатынастың алдағы уақытта одан әрі дамитынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Германия Елшісі Тило Клиннер екі ел арасындағы тығыз достық байланыстың берік жібі үзілмегенін қалайтынын айтты. Бұндай қарым-қатынастың әрі қарай дамуына екі ел де өте мүдделі екенін еске салды. Оның айтуынша, Қазақстан Германияның Орта Азиядағы аса ірі серіктесі екен. Германия мемлекеті біздің елмен ауыл шаруашылығы саласында өзара тәжірибе алмасып, ортақ дамуға қол жеткізуге ниетті көрінеді. Ол сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Қазақстанды алдағы уақыттада дамудың биік шыңына шығаратына сенетінін жеткізді.

Тағы бір маңызды мәселе, екі елдің партияаралық қарым-қатынасы да жоғары деңгейде қалыптасқан. Мәулен Әшімбаевтің айтуынша, Германияның Христиан-демократиялық одағы мен «Нұр Отан» партиясы арасында тәп-тәуір достық байланыс орнаған екен.

Осындай мемлекеттік және халықаралық мәні бар кездесулер еліміздің алдағы даму бағытына сара жол салады. Еліміздегі бас партияның бұндай бастамаларына ақпараттық қолдау білдіріп, халыққа нәсиқаттаудың маңызы зор. «Нұр Отан» партиясы алдағы уақытта да әлеуметтік саланы дамыту бағытында нақты жұмыстар істейтіні сөзсіз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 646
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 416
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 384
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 387