Жексенбі, 12 Мамыр 2024
6207 23 пікір 4 Мамыр, 2019 сағат 21:50

Алматы қаласы Ардагерлер кеңесі мәлімдеме жасады

Алматы қаласының Ардагерлер кеңесі алдағы 9 мамырда соғыс майданында шейіт болғандарға тағзым ету мақсатында өтетін Жеңіс күнінде саяси астары бар митингілер өткізу мәселесіне алаңдап отыр.

«Біз естіп-біліп отырмыз. Бізге бейбіт өмір сыйлаған Қасиетті Жеңіс күнінде әлдебіреулер халықты митингке шақырып, ел-жұртты дүрліктіруде. Бұл не деген бассыздық. бұл не деген ата-баба рухын қорлау, сыйламағандық. Халқымызда, қазақта мұндай надандық ешқашан болған емес. Біздің барлық арандатушыларға айтарымыз біреу.

Біз батыр бабаларымыздың қанымен келген қасиетті жеңіс күнін, ардагерлердің рухына тағзым ету күнін саяси мәселе алаңына айналдыруға жол бермейміз. Барлық азаматтарды жеңіс күнінде бос байбалам салатындарға ермей ұлы жеңістің 74 жылдығын ел болып атап өтуге шақырамыз.

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына 9 мамырда жер-жерлерде өтетін мерекелік шараларда азаматтардың қауіпсіздігін сақтауды талап етеміз!», – деді Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Шайхутдинов.

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1943
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2185
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1801
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1537