Жұма, 3 Мамыр 2024
2022 0 пікір 17 Сәуір, 2019 сағат 12:12

Талдықорғанда технологиялық агропарк ашылды

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласының маңында технологиялық агропарк ашылған «Агропарк Талдықорған» өңірлік зерттеу орталығы ресми жұмыс бастады, деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Аталған агро орталықтың аумағы – 54 гектар. Оның 17 гектарына қант қызылшасы егілді. Егіс алқабына жиналған дихандарға тәтті түбірді егу, күтіп-баптау жолдары көрсетілді. Инновациялық әдістерді енгізіп, өнім көлемін екі есеге дейін арттыру мүмкіндіктері ұсынылды. Соның нәтижесінде ғылым мен өндірістің бір арнаға тоғыстырылып, екеуі бір орталықта ауыл шаруашылығының ең озық жетістіктерін паш ететін болады. Орталық қант қызылшасы, жүгері, соя сияқты облыстағы басымдық берілетін дақылдарға мамандандырылатын болады.

«Осы жерге дәнді дақылдардың 15 түрі егілген. Шаруалар алысқа бармай-ақ, осында үйренсін, көрсін деп ұйымдастырып отырмыз. Облыс әкімі ақша бөлді»,– дейді облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров.

Әкім орынбасарының айтуынша, Алматы облысында 2014 жылы қант қызылшасының алқабы 1,2 мың га болса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 11,2 мың гектарға жеткізіліп, он есе өскен. Биылғы жылы «Жетісу» ӘКК арқылы қант қызылшасына арналған 5 сервистік-дайындау орталығы құрылып, арнайы техникалар сатып алынуда. 1,2 млрд. теңгеден астам сомаға 77 бірлік заманауи арнайы техникалар сатып алынады. Жалпы, 2014 жылдан бастап облыста қант қызылшасына бағытталған 24 СДО құрылған. Сол сияқты осы дақылды өсіруге маманданған 623 шаруашылық үшін Францияда, Алмания мен Данияда өндірілген сапалы тұқымның 18,4 мың себу бірлігі сатып алынған. Биылғы жылы тәтті түбірдің алқабы 14 мың гектарға жеткізіледі. Орташа өнімділігі 400 ц/га болғанда 550 мың тонна қант қызылшасы алынады деп жоспарланып отыр.

Қаз НИИЗиР жетекшісі, PhD докторы Андрей Агеенконың мәліметіне сүйенсек, биыл жыл басында ашылған «Агропарк Талдықорған» өңірлік зерттеу орталығы қант қызылшасына, жүгері мен соя өсіруге басымдылық беретін көрінеді. Әрі егу жұмыстары өнімділікті арттыруға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды ескере отырып жүргізілуде. Орталықта үлгілік көрсету және өндірістік көрсету алаңдары қалыптасып, оған барлық заманауи технологиялар шоғырландырылып, олар өңірде тиімді қолданылатын болады. Шаруалар инновацияларға және оларды ауыл шаруашылығында қолдануға қатысты мәселелерімен бұл орталыққа тікелей жүгіне алады. Тұрақты байланыс үшін арнайы мобильдік қосымша дайындалуда. А. Агеенконың айтуынша, ғылымға шаруалардан тапсырыс болады, яғни ғалымдар олардың ауыл шаруашылығындағы іскерлік барысында туындаған проблемаларын шешеді, бұл өз кезегінде жұмыстың әрбір кезеңінің тиімділігін арттырып, өнімділік пен өнім сапасын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, бұл – облыстағы алғашқы технологиялық агропарк орталық емес. Бұған дейін, осындай кешеннің алғашқысы Қарасай ауданында ашылды. Ол оңтүстік өңірдегі шаруаларға көмектеседі. Ал Талдықорғандағы кешен солтүстіктегі дихандардың жер жыртып, егін егуіне жәрдемдеседі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 793
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 613
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 642