Жұма, 3 Мамыр 2024
3316 3 пікір 17 Сәуір, 2019 сағат 10:20

Францияда Құдай-ана шіркеуін қалпына келтіру үшін ұлттық ақша жинау шарасы басталды

Франция президенті Эммануэль Макрон өртке оранған Париж Құдай-ана шіркеуін қалпына келтіру үшін ұлттық ақша жинау шарасын жариялады. Француз миллиардерлері Анри Пино мен Бернар Арно миллиондаған доллар беруге уәде етті.

Yves Saint-Laurent брендінің қожайыны Пино 100 млн еуро беретінін мәлімдеді. Осыдан кейін LVMH холдингінің басшысы Бернар Арно тарихи шіркеуді қалпына келтіру үшін 200 млн еуро құятынын айтты.

Францияның саяси партиялары да халықты бұл шараға қосылуға шақырды. Олар Париж Құдай-анасы шіркеуіндегі өрт француз халқын біріктіретін қайғылы оқиға деп атады. Әдетте Францияда ұлттық ақша жинау шарасын төтенше жағдай кезінде жариялайды. Соңғы рет бірінші дүниежүзілік соғыста осындай шара болған.

Француздық БАҚ-тың жазуынша, Нотр-Дам-де-Паридегі ең басты мәдени мұралар аман қалған. XIII ғасырдың үш басты витражының тағдыры белгісіз. Ондағы терезелер сынбаған. Бірақ терезелері түтіннен қап-қара болып қалған.

Франция астанасында дүйсенбі күні кешкісін XII–XIV ғасырларда салынған Нотр-Дам-де-Пари шіркеуі өртенді. Жыл сайын бұл тарихи кешенді көруге әлемнің әр түкпірінен 13–14 млн адам барады.

Әзірге өрттің себебі анықталған жоқ. Алдын ала болжам бойынша, аяқ астынан орын алған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 891
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 750
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 579
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 586