Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2543 0 пікір 6 Маусым, 2011 сағат 06:53

Мемлекетке 45 млн. астам теңге залал келтірген қызметкер сотталды - БҚО

ОРАЛ. 6 маусым. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Арман Кинжибаевқа қатысты қылмыстық істі аяғына дейін жеткізді.

Департаменттің баспасөз қызметінен Ақлима Бүркітбаеваның хабарлағанындай, А.Кинжибаев «Орал қаласы тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығының орынбасары қызметін атқара жүріп,  2008-2009 жылдары аралығында қала көшелері мен даңғылдарында қоршау құрылысын жүргізу, сонымен қатар қаланың арық жүйесін жөндеу түріндегі Орал қаласын абаттандыру бойынша кешенді іс-шараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі мекеме жұмысына басшылық еткен.

2008 жылғы 14 желтоқсанда аталмыш бөлім мен «АСС-Теректа» ЖШС арасында Достық даңғылы және «Нұр Отан» ғимаратының алдына қоршау салу жөнінде жалпы сомасы 21,3 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу келісімшарты жасалған.

А.Кинжибаев аталған нысандар бойынша құрылыс құны анағұрлым көтермеленгенін және жұмыстың бұл түрлеріне жобалау-сметалық құжаттаманың жоқтығын анық біле тұра, нысанда орындалған жұмыс туралы жалған  мәліметтер енгізілген 2008 жылғы желтоқсандағы орындалған жұмыс актілеріне қолын қойып, мердігердің есепшотына жалпы сомасы 21,3 млн. теңге  төлем аударған.

Сарапшының қорытындысына сәйкес орындалған жұмыс көлемі 8,1 млн. теңге сомасына көтермеленген.

Сонымен қатар, 2009 жылғы 3 маусымда «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында аталған бөлім және «КазПроектСервис Лтд» ЖШС арасында 47,0 млн. теңгеге Орал қаласы Еуразия даңғылында қоршау салуға мемлекеттік сатып алу келісімшарты жасалған. Мұның да құны дұрыс анықталмағаны және жобалау-сметалық құжаттаманың жоқтығы белгілі болды. Бұған қарамастан А.Кинжибаев орындалған жұмыс актілеріне қолын қойып, мердігердің есепшотына 47,0 млн. теңгені заңсыз аударған. Сарапшының қортындысына сәйкес мұндағы жұмыс көлемінің құны 23,2 млн. теңгені құрайды.

Бұдан басқа, 2009 жылғы 2 маусымда «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында аталмыш бөлім және «Каратт Интернешнл Групп» ЖШС, «Люкс» ЖШС арасында жалпы сомасы 28,4 млн. теңгеге Орал қаласы арық жүйесін ағымдағы жөндеуге мемлекеттік сатып алу келісімшарттары жасалған. Мұнда да сарапшының қорытындысына сәйкес арық жүйесін ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыс көлемі 13,7 млн. теңгеге көтермеленген.

А.Кинжибаевтың қылмыстық іс-әрекетінің нәтижесінде мемлекетке ірі мөлшерде 45 млн. астам теңге материалдық шығын келтірілген.

Аталған фактілер бойынша А.Кинжибаевқа қатысты ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлімі бойынша (қызметтік өкілетін асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғалды.

Орал қалалық соты А.Т.Кинжибаевты кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге үкім етті.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2156
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1782
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1534