Жексенбі, 12 Мамыр 2024
2726 0 пікір 1 Ақпан, 2019 сағат 18:22

Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 29% құрайды

Елбасы Н.Назарбаев өткен жылдың наурыз айында “Президенттің бес әлеуметтік бастамасы” атты Қазақстан Халқына Үндеу жолдаған болатын. Үндеудің төртінші тармағында - шағын несие беруді көбейту туралы айтылған. Яғни,  өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстар аясында жеңілдетілген несие беру қарастырылған.

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты. Президенттің айтуынша, былтыр экономиканың өсімі 4% тен асқан. Жалпы, көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,6% артқан.

Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша осы күнге дейін 2600 жоба жүзеге асқан. Оларға бөлінген қаражат көлемі 46 млрд теңгеге жуықтайды. 20 мың кәсіпкер біліктіліктерін арттырған. Осының есебінен, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 29% құрапты.

Сондай-ақ, өткен жылы қалаларда микрокредиттеуге 13,9 млрд тг бөлінді. Осылайша қала мен моноқалаларда 1311 жоба қаржыландырылған. Егер кепілдік жеткіліксіз болған жағдайда, кәсіпкерлерге микрокредитті 85 пайызға дейін кепілдендіру ұсынылады.

Осылайша былтыр 2,8 млрд тг сомасында 484 кепілдік келісімшарты жасалған. Ал биыл қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлерге 2000 шағын несие беру жоспарланып отырған көрінеді.

Мәселен, 2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілген. Ал, 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізу міндеттелді. Нәтижесінде, шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жеткізу көзделіп отыр.

Бұл бастама мыңдаған адамның өз ісін ашуға мүмкіндік береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2166
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1787
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1534