Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2383 0 пікір 2 Маусым, 2011 сағат 05:34

БҚО-да құтқарушылардың халықаралық семинары өтуде

ОРАЛ. 2 маусым. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы бас ассамблеясы аясында құтқарушылардың халықаралық семинары өтуде.

Оған Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей және Қазақстан өкілдері қатысып, төтенше жағдайларды болдырмау және зардаптарын тез жою бағытында шеберліктерін жетілдіруде.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шара мақсаты - ұйымдар басшыларын дайындау, түрлі апаттарға байланысты төтенше жағдайлардың алдын алудағы әдіс-тәсілдерді үйрену.

Бүгін апаттық-құтқару қызметтерінің өкілдері Қарашығанақтағы «ҚПО б.в.» компаниясының оқу полигонында машықтық сабаққа қатыспақ.

Семинар ертең қорытындыланады.

0 пікір