Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2843 0 пікір 1 Маусым, 2011 сағат 12:28

Нұра Матай. «Газпром» Құлыбаевқа неге құда түсіп отыр?

Ресейдің мемлекеттік компаниясы «Газпромның» директорлар кеңесі алдағы уақыттағы компанияның су жаңа директорлар кеңесі мүшелігіне үміткер он екі адамның атын жария етті. Үмітін үкілеп, алақанын ысқылап отырғандардың бел ортасында «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Тимур Құлыбаев та бар.

Кеңеске жаңа мүшелерді қабылдау ісін компания басшылығы Ресей президенті Дмитрий Медведов компанияны мемлекеттік шенеуніктерден тазалау жөнінде берген нұсқауынан кейін қолға алып отыр. Дәл осы жерде қыстыра кететін нәрсе көрші елден көшірме жасағанды ұнататын біздің билік те ұлттық компаниялардан шенеуніктерді шеттетуді қолға алса, құба-құп болар еді.

«Газпром» көрші елдің саяси құралға айналдырып отырған атақты компаниясы екені мәлім. Украинаны да осы «Газпроммен» ықтырып алғаны белгілі.

Сонымен, құлдап отырып Құлыбаевқа келсек. Еліміздің бүкіл экономикалық әлеуетінің екі тізгін бір шылбырын уысында ұстап отырған Тимур Асқарұлы журналистерге: «Иә, маған ондай ұсыныс жасалған. Келісімімді бердім. Сондықтан сайлауды күтеміз», -депті.

Құлыбаев «Самұрық-Қазына» қорының сыртында «KazEnergy» мұнай-газ ассоциациясының, «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Самұрық-Энерго» компанияларының директорлар кеңесінің төрағасы яғни Қазақстан экономикасы күре тамырынының басы, көзі һәм құлағы, «құдіретті» кісі екенінен қалың ел хабардар.

Кедендік одаққа кіріп кеткенбіз. Енді, экономиканың ең негізгі тағандарын бақылап, басқарып отырған Құлыбаевты Ресей қолына қондырып алмаққа құлшынып отыр. Ресейлік rbcdaily.ru сайты «Мүмкін «Газпром» Қазақстанды шет мемлекет санамайтын шығар», деп жазады. Осы сөздің жаны бар. Себебі, бар байлықтың басында отырған Құлыбаев Ресейдің мемлекеттік компаниясының директор кеңесінің құрамына енсе, онда Ресей Қазақстанның мұнай-газ, энергия, темір жол саласын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайды деген сөз ғой. Бұл экономикалық отарлаудағы Ресейдің негізгі қадамдарының бірі болса, біткен жеріміз осы. Әрине, Ресейдің Құлыбаевты қалауын Ресей Орта Азиядағы экономикалық мүддесін қорғау мақсатында және осы аймақтағы ірі мұнай-газ өндіретін әрі экспорттайтын күшті бәсекелес Қазақстанмен байланысын тереңдету сол арқылы Қытайдың Орталық Азия және Қазақстанға ықпалын азайту деп те айтуға болар еді. Бірақ бәрібір «Газпромның» таңдауының астарында әуелі экономиканы - алтын балықты қолға түсірсе, қармақтың қабуы көп күттірмес деген ниеті жатуы да бек мүмкін. Мұны әсте жоққа шығаруға болмайды. Сондай-ақ, Тимур Құлыбаев та өзінің мемлекеттік қызметкер екенін және мойнында аса зор жауапкершілік барын әрдайым есінен шығармағаны жөн-ау.

Біздің миымыз жетпейтіні мынау: Ресейдің мемлекеттік компаниясының директорлар кеңесіне Қазақстанның мемлекеттік қызметкері қалай үміткер болып, келісім береді? Әлде «Мүмкін «Газпром» Қазақстанды шет мемлекет санамайтын шығар» деген орыс сайтының айтқаны ащы шындық па? Қойшы, сенгің келмейді. Бүтін бір мемлекеттің тұтас экономикасының бойына қан жүгіртіп тұрған ерекше маңызды саласын Құлыбаев мұрнын тескен тайлықтай қылып жетектеп апарып қолына ұстата салмас, сірә...

«Абай-ақпарат»

0 пікір