Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3727 0 пікір 1 Маусым, 2011 сағат 07:48

Мамырайханның Ерболаты. Екі шоқып, бір қара

Қарға баласына: «Адам баласы біздің дұшпанымыз, сақ болыңдар, екі шоқып бір қараңдар» десе, баласы: «Екі шоқып бір қарамай, бір шоқып екі қарағанда аштан өлеміз бе?» дейтін көрінеді.  Қарға: «Адам баласы ұратын тасын қойнына тығып жүреді» депті. Сонда баласы: «Тасты қойны мен қонышына салғанша, қолына ұстап жүрсе болмай ма?» деп айтыпты. Қарап тұрсақ, дәл осы кеп қазіргі қазақ басында да бар. Ежелгі қазақ нақ осы мінезінен зарар тартса, заманауи Алаш жұрты да опық жеп қала ма деген алаң көңіл бар. Өйткені қанша жерден модерндік рухпен шарпылдық десек те, ділдік тұрғыда «баяғы жартас сол жартас».  Кім келіп айғай салса да, «қош келдіңіз» деп жаңғырып тұрамыз. Тіпті оны үш тілдің әуезімен сызылта айтамыз. Әйтеуір ұратын тасын қолына ұстап жүрмегеннің бәрі дос. Бірақ солай ма? Қалпақпен қағып алуды ойлап жүргендердің дымы ішінде екені белгілі. Нені көксейді, нені көздейді, зерттеп жатқан ешкім жоқ.

Солтүстігімізде Ресей, оның батысында Еуропа, шығысымызда Қытай, мұхиттың арғы жағында АҚШ, оңтүстік шығысқа қарай бүтін мұсылман әлемі. Әншейінде өзіміз «батыс пен шығыстың түйіскен жерінде, тоғыз жолдың торабында орналасқан байтақпыз» деп мақтанғанды сүйеміз. Ал осының бәрі бізді әлемдік мүдделердің мүйіздесу алаңына айналдыратынын ұмытатынымыз қалай? Соны біле тұра аққу шортан Һәм шаянның ісін жиі қайталай беретінміз не рәуіш?

Иә, біз, қаз дауысты Қазыбек айтқандай-ақ, қазіргі таңда мал болмаса да, мұнай баққан елміз, бірақ әдеттегідей ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға болмаса да мылтыққа үкі таққан елміз. Өкінішке қарай, дұшпан басынған, басымыздан сөз асырған дәуірлерден де өттік. Өтуге тура келді. Ол қорлықтан азаттықтың ақ таңы арашалады. Құдайға мың да бір шүкір, міне, жиырма жылдың жүзі болды, егемендік дейтін осы қасиетті отты лаулатып жатырмыз. Тек бірлігімізге бекем болсақ, өзгелердің бәрін өзіміздей көріп, қопаңдай бермесек. Алысты-жақынды геосаяси тараптардың агенттері мен Қазақстандағы филиалдары қызметін атқармасақ, қане?! Күлшелі баланың сүйкімді болатынын біліп, айналамыздағы одашылардың түпкі ниетін жазбай тануға үйренсе, қазақ. «Құдай да сақтансаң сақтаймын» деген. Әуелі өзгелерден сақтанайық, сосын өзді-өзімізді сақтайық. Әр қазақты «мен жоқ жердегі мен» деп қабылдайтын кез келді. Ұлы Абайды кейбір көбік ауыздар қалай бұрмалағысы келсе де, қазақтың қазақтан басқа досы жоқ. Ал, досқа, сол Құнанбай ұрқы өсиеттегендей, көмек парыз. Жүз жерден осы сөзге құлағы жауыр болып кетсе де айта беруден жалықпаймыз. Айтылып келді бұл ақиқат, иншалла, айтыла да береді. «Мәңгілік құндылықтар болады» дейді. Ал, Алаштың ұлы құндылығы осы. Шақ дейік, бақ дейік, осыған тоқтауға тиіспіз. Ал бүгінде қандаймыз? Әлгі тәмсілдегі қарғаның аңқау баласындай әркімнің «Тасты қойны мен қонышына салғанша, қолына ұстап жүрсе болмай ма?» деп көмекейіміз көрініп тұрғандай. Екі шоқып бір қарамай, бір шоқып екі қарағанда да аштан өлмейміз, әрине. бұл - сақтықтың үстіне үстеме сақтық. Сақ сауысқан сағағынан ілінсе, ол ертегіде, шынайы өмірде болса, бұл әдет ешкімді қиындыққа қалдырған емес.

Қазаққа дұшпан ежелден ашық келмеген, елдікті ірітер қулық-сұмдыққа толы  вируспен келетін болған. «Сол бәледен сақтанайықшы» дегеннен басқа не арман, не тілек?! Бір рет шетелдік дертпен ауырып басы қисайғанның адам болмайтынын қазірдің өзінде кейбір әсіредіншілдерімізден  көріп отырмыз ғой. Бұл бір ғана мысал. Дегенмен, осының өзі таздың шашындай селдір халқымызға аз болмаса керек. Құтырса қытай құтырсын, көптіктен тастай алмай жүрген жаны бар, ал қазақтың төгуге қаны тасып тұрған жоқ. Пыр-пырлап ұшқан қасқалдақтың қанындай алтыннан қымбат. Неге десеңіз, қазақтың қаны болашаққа түркінің асыл генін жеткізуге керек.

«Абай-ақпарат»

0 пікір