Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
3075 0 пікір 1 Сәуір, 2019 сағат 14:11

Алматы әуежайы түркімен әуе компаниясын айыптады

Алматы халықаралық әуежайы әкімшілігі Ашғабадтан келген ұшақтан түскен жолаушылардың Facebook әлеуметтік желісіне жариялаған видеосынан кейін арнайы мәлімдеме жасады.

Алматы халықаралық әуежайы "Туркменховаёллары" түркімен әуе компаниясын жүк тасымалдау ережелерін бұзып отыр деп айыптады. Бұл жөнінде Алматы әуежайының Facebook парақшасына сілтеме жасап "Түркіменстан хроникасы" хабарлайды.

Алматы әуежайы әлеуметтік желілерде Ашхабадтан келген ұшақтың жүктері айналымға сыймай кептеліп тұрған видео тарағаннан кейін арнайы мәлімдеме жасаған.

19 наурызда Евгений Каньшин есімді Facebook қолданушы "Туркменховаёллары" әуе желісі ұшағының жүктерді қалай тастап жатқанын видеоға түсіріп, жариялаған.

«Қазіргі кезде Turkmenistan Airlines - Türkmen Howa Ýollary Ашғабадтан Алматыға аптасына үш рет қатынайды. Әр рейсте жүктермен проблема болады. Ашхағабад әуежайында жүктерді толығымен тиемейді. Келмеген жүктерді араға біраз уақыт салып барып жібереді»,- делінген Алматы әуежайы таратқан мәлімдемеде.

Биыл қаңтар айында "Туркменховаёллары" жолаушыларынан 93 арыз түскен. Ал ақпан айында 293 адам жүктерін ала алмағанын айтып, шағымданған. Наурыз айының 15-не дейін 118 жолаушыдан арыз түскен.

Abai.kz

0 пікір