Жұма, 3 Мамыр 2024
Алаң 22373 40 пікір 18 Наурыз, 2019 сағат 09:16

Білім министрі Шәмшидиноваға ашық хат

Білім және ғылым министрі

Күләш Шәмшидиноваға

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГТАРЫ

қауымдастығынан

АШЫҚ ХАТ

Былтырғы президент жолдауынан кейін президент тапсырмасы бойынша мұғалімдерді артық жұмыстан “арашалайтын”  “Педагог мәртебесі” туралы заң қабылдануы керек болған.  Вице министр Э. Суханбердиеваның мәлімдеуінше жұмыс тобына 78 адам кірген. Бірақ осы орайда Қазақстан педагогтарының негізгі ұсыныстары ескерілмей қалды

ОСЫҒАН ОРАЙ СІЗГЕ БІЗДІҢ ҰСЫНЫСЫМЫЗ:

1. Білім басқармаларын жергілікті әкімшіліктен ҚР Білім және ғылым Министрлігінің құзіретіне өткізу керек (Мектеп мұғалімдерін өз міндетіне жатпайтын жұмыстардан осы қадам ғана құтқара алады. Заң бабына қосымша ретінде, "Мұғалімді міндетіне жатпайтын жұмысқа жеккен шенеунік адамды құлдықта ұстаған қылмыскермен" теңестіріліп, қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс" деп көрсету керек).

2. Мектеп мұғалімінің орташа жалақысы Парламент Мәжілісінің депутаты мен министрдің жалақысының кем дегенде 70 %-на тең болуы тиіс. (Жалақының жоғары болуы мамандыққа деген бәсекені күшейтеді. Бәсеке болған жерде сапа болады).

3. Мұғалім қауіпті мамандық болып қалды. Сондықтан, мұғалімге қол жұмсаған адамға құқық қорғау органы қызметкеріне қол көтерген адамға тағайындалатындай жаза қолданылуы тиіс.

4. Педагог мамандарды дайындау жүйесін қайта қарап, мектепке ер азаматтарды көбірек тарту тетіктерін қарастыру керек.

5. Оқулықтар мен әдістемелік құралдар жасауға практик мұғалімдерді де тарту қажет.

6. Білім Басқармасының ең төменгі қызметкері жетекші маман болу үшін кемі 8 жыл, аудан/қала білім бөлімінің жетекші маманы қызметіне конкурсқа қатысу үшін кемі 5 жыл пед.өтілі, ал басшыларына тиісінше, 10, 8 жыл пед.өтіл. болуы міндетті деген талап қосқан жөн. Сонымен қатар мектеп директорларын тағайындауға арналған бұйрыққа мектеп директорларының мерзімін бекіту керек. 5 жыл сайын мектеп директорлары конкурспен тағайындау қажет. Пара алған қылмысы дәлелденген педагогикалық қызметкер өмір бойы педагогикалық қызметтен аластатылуы тиіс.

8. Бюджеттен мектептерді жөндеуге бөлінген қаражат БАҚ бетінде жариялануы тиіс (Сонда, мұғалімдер мен ата-аналардан мектепті жөндеуге ақша жинау қиынға соғатын болады).

9. Ер мұғалімдерді 55 жастан, әйел мұғалімдерді 50 жастан зейнетке шығару керек (Мұғалімдерден ең көп түскен ұсыныс!).

10. Мұғалімдердің әлеуметтік көмекті жергілікті атқарушы органдардың еншісіне қалдырған. Жергілікті органдар әлеуметтік көмекті әлі де шеше алмай жүр, сондықтан республикалық бюджетке қаратып Қазақстан бойынша бідей тариф белгілеу керек.

11. Жаңа заң жобасындағы әдеп жөніндегі кеңесті алып тастағын жөн. Өйткені мектеп басшылары, аудан/қала білім беру бөлімдерінің өкілдері, басшылары заңгер емес! Бұл мұғалімді жазалау құралына айналуы мүмкін!

12. Мұғалімнің ата-ана мен оқушыны құрметтеуге заң жобасында міндеттегені сияқты ата-ана мен оқушыны тарапынан мұғалімнің де құқы мен ар ожданы құрметтелуге тиіс екенін ұмытпаған жөн.

13. Заң жобасындағы қарама-қайшылықтар мұғалімдердің ұсыныстары бола тұра әлі жөнделген жоқ.

14. Заң жобасына атсалысқан жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 575 бұйрығымен бекітілген екен. Осы комиссия құрамымен таныстыруды, әлі де болса бұл құрамға “Қазақстан педагогтарының қауымдастығының” ұстаздарын тартуды да ұсынамыз.

15. Мұғалімдерден ұсынылған негізгі ұсыныстар көлеңкеде қалуда. Ұсыныстар ескерілмесе бұл заң да “Білім туралы” заңның көшірмесі болып қала береді Сізден нақты жауап пен ұсыныс күтеміз.

Біздің ойымызша, «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасын дайындауға қатардағы мұғалімдер де тартылуы тиіс. Заң жобасы БАҚ беттерінде ашық талқыға түсуі керек.

ҚҰРМЕТПЕН:

Мейіржан Темірбек, "Қазақстан педагогтарының" қауымдастығы "Мұғалім мәртебесі" Қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Өмір Шыныбекұлы, "Қазақстан республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, "Ыбырай Алтынсарин" медальінің иегері. 

Abai.kz

 

 

40 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 868
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 726
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 558
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 569