Жұма, 3 Мамыр 2024
3000 0 пікір 13 Наурыз, 2019 сағат 11:06

Қазақстан Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануға шектеу қойды

Қазақстанда Boeing 737 MAX маркалы әуе кемесінің ұшулары уақытша тоқтатылды. Бұл туралы азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

"ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті 2019 жылдың 13-наурызынан бастап Қазақстанда «Scat» әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағын пайдалану уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Қазақстан әуе кемелерінің реестрінде мұндай бір ғана ұшақ тіркелген", - деп жазылған аталған комитеттің facebook парақшасында.

Бұл шешім Эфиопиядағы Boeing 737 MAX ұшақ апатынан кейін қабылданып отыр. Оқыс оқиғадан 150-ден аса адам, оның ішінде БҰҰ-ның 19 қызметкері қаза тапқан болатын.

Бұған дейін бірқатар еуропалық елдер осы үлгідегі ұшақтардан бас тарту туралы шешім қабылдаған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 761
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 579
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 474
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 483