Жұма, 3 Мамыр 2024
2847 0 пікір 13 Наурыз, 2019 сағат 10:05

«Жердің барлық тұрғындары Ғаламторға қосылуы керек»

Интернетті жасаушылардың бірі, британ физигі Тим Бернерс-Ли 12 наурызда интернетті пайдаланудың қауіптілігін қоғамға ескерткен хат жариялады. Бұл үндеу Ғаламтордың пайда болғанына 30 жыл толуына арналған.

Бернерс-Лидің пікірінше, интернет қаналушы тапқа дауыс берді, бірақ соның арқасында алаяқтар қылмыстың жаңа түрін жасауға мүмкіндік те алды. Ол қолданушыларды қордаланған ірі мәсеселерді шешу үшін ғаламдық веб-қауымдастық секілді бірігуге шақырды.

Ғалым Ғаламторға қосылғандар мен оған шығуға мүмкіндігі жоқтар арасы алшақтап бара жатқанын айтты. Сол себепті де интернетке қосылу мәселесі күн өткен сайын өзектілігін арттырып келеді.

"Бүгін әлемнің жарымы онлайнда отыр. Қалған жарымы автономды режимде қалмай, ғаламторды құруға өз үлесін қосуы тиіс", - деп есептейді Бернерс-Ли.

Тим Бернерс-Ли 30 жыл бұрын Ядролық зерттеулер жөніндегі еуропалық ұйымның (CERN) ғылыми қызметкері болды. Сол кезде ол институт ішінде ақпарат алмасудың жаңа қағидасын ұсынды, соның негізінде интернет пайда болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 801
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 619
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 500
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 512