Жұма, 3 Мамыр 2024
2972 0 пікір 13 Наурыз, 2019 сағат 09:57

«Ғасырлар кеңістігіндегі көне сарындар» атты конференция өтеді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2019 жылдың 14-наурызы күні атақты ғалым-этнограф, ҚазКСР тұңғыш халық артисі, фольклорист, әртүрлі халықтардың дәстүрлі музыкалық үлгілерін жинаушы – Александр Викторович Затаевичтің 150 жылдығына арналған «Ғасырлар кеңістігіндегі көне сарындар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына шақырады.

Қазақ музыкалық мәдениетіндегі інжу-маржандардың  әліге дейін сақталуы мен көкейкестілігіне оның жазбалары мүмкіндік туғызды және бүгінде ғылыми зерттеу мен оқу-білім беру практикасында үлкен сұранысқа ие.

Мемлекеттік «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында өтетін конференцияға еліміздің жетекші ғалымдары мен көрнекті өнер қайраткерлері белсенді қатысады. Олардың арасында – өнертану докторы, профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Күзембай С.Ә., филология ғылымдарының докторы Қоңыратбай Т.А., филология ғылымдарының докторы Ісімақова А.С., филология ғылымдарының кандидаты Ананьева С.В., Ұлттық консерватория доценті, белгілі әнші Шүкіманов Е.Т., Елмұрат Дина – Бейжің ұлттар университетінің докторанты. Ғылыми баяндамаларда ұлттық музыкалық мұраны жинақтау, сақтау және насихаттау мақсатында шығарған ғалымның еңбектері әр қырынан айқындалады, сол заманда А.В.Затаевичке ән-күйлерді хабарлаған Алаш зиялылары, белгілі әнші-күйшілер, театр қайраткерлерімен шығармашылық қызметтестігі және көне сарындарға қатысты өзекті мәселелер зерделенеді.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі музыкатанушы Ю.П.Аравин, Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория ректоры А.Жүдебаев, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Р.Ө.Стамғазиев, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының проректоры С.Қ.Майғазиев және т.б құттықтауға сөз кезегін алады.

Конференция 2019 жылдың 14-наурызында сағ.11.00-де «Ғылым ордасы» РМҚ Орталық кітапханасында өтеді.

Мекен-жайы: Шевченко көшесі, 28-үй, 3-қабат.

Байланыс телефондары:

+7 (727) 2727411; 2727943

Факс: 2727983

e-mail: info@litart.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 881
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 742
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 573
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 579