Жұма, 3 Мамыр 2024
2024 0 пікір 8 Ақпан, 2019 сағат 14:57

Ақмола облысында ұстаздар мен дәрігерлердің еңбекақысы 35 пайызға көтерілген

Президент Н.Назарбаевтың Президенттің бес әлеуметтік бастамасы атты халыққа үндеуінің екінші бағытына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлердің айлық-жалақысы өседі. Мәселен,1-қыркүйектен бастап ұстаздардың жалақысына 50 пайыз үстеме қосылады.

Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асырып отырған білім ұйымдарының мұғалімдеріне қызметтік айлық жалақысының 30%-ын үстеме ақы ретінде төлейтін болды. Үстемені бекіту тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы өкілетті орган анықтайды. Үстеме ақы ұстаздың нақты жүктемесін ескере отырып белгіленеді, бірақ ол заңнамамен бекітілген нормативті оқу жүктемесінен аспауы керек.

Ұлттық біліктілік тестін тапсырған және бастауыш, орта және жалпы орта білім бағдарламаларын іске асырып жүрген мұғалімдердің (педагог-мастер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор) қызметтік айлық жалақысына 30 пайыздан 50%-ға дейін қосылады. Бұл әлгі педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін берілетін үстеме ақы.

Бұл үстемені бекіту тәртібі мен шарттарын да білім беру саласындағы өкілетті орган анықтайды. Үстеме ақы ұстаздың нақты жүктемесін ескере отырып белгіленеді, бірақ ол заңнамамен бекітілген нормативті оқу жүктемесінен аспауы керек.

Педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін берілетін үстеме ақы туралы қаулы тармағы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 42 «ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың азаматтық қызметшілерінің, жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек ақысын төлеу жүйесі туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы қаулысында айтылады.

Мәселен, модератор-мұғалім болса, онда жалақысына 20%, сарапшы-мұғалімге 30%, зерттеуші-мұғалімге 40%, шебер-мұғалім екені дәлелденсе 50% мөлшерінде жалақысына үстемеақы қосылады.
Айта кетер жайт, аттестациядан өтпей қалған мұғалімнің бастапқы категориялары сақталады. Заңға сәйкес мұғалімнің біліктілік деңгейі 5 жыл бойына күшінде болады.
Кез келген мұғалім 18 сағат сабақ беруі керек. Егер 24 сағат сабақ берсе, нақты жалақы мөлшері арта түседі. Мысалы, 3 жыл еңбек өтілі бар немесе мүлдем категориясы жоқ мұғалімнің бір сағатының құнын есептесек…
Әрбір сабағы үшін 3 146 теңге алып отыр. Оған дәптер толтыру мен сынып жетекшілікті қосыңыз. Тест тапсырып, біліктілігін дәлелдесе, жалақысы тағы өседі.
1-4 сынып мұғалімдеріне базалық жалақыға 20%, 5-11 сынып мұғалімдеріне 25% қосылады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына, қазақ, орыс тілдері, басқа ұлттық тілдер мен әдебиет бойынша (математика, химия, физика, биология, шет тілі, стенография, сызу, құрастыру, техникалық механика бойынша) базалық лауазымды жалақысы 20%-ға өседі. Бұл дегеніңіз – 3 539 теңгеден 4 424 теңге аралығы.
Қалалық жерде жұмысқа орналасқан жас мұғалім бұған дейін 56 630 теңге алатын. Енді айлығына 22 475 теңге қосылып, 79 105 теңге алады. Егер біліктілік тестінен өткен жағдайда ай сайын қалтасына 96 095 теңге түседі.

Тағы бір айта кетер жайт, ауыл мұғалімдерінің жалақысы қала ұстаздарына қарағанда 25 пайызға жоғары болатын көрінеді.

Мәселен, былтыр Ақмола облысында, дәрігерлер мен ұстаздардың, мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 35 пайызға көтерілген. Ол үшін республикалық бюджеттен 4,8 миллиард теңге бөлініпті. Жекеменшік кәсіпорындар да көштен қалмайды. 4 мыңға жуық кәсіпорынның жалақы қоры 3,8 миллиард теңгеге көбейді. 2018 жылдың 4-ші тоқсанында Ақмола облысында орташа жалақы 130 мың теңге болып бекітілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 813
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 646
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 510
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 526