Жұма, 3 Мамыр 2024
Ой түрткі 4489 7 пікір 19 Ақпан, 2019 сағат 17:24

Оқуға түспей қалған жастар қайтпек?

Жыл сайын елімізде жүз мыңнан астам түлек мектеп бітіреді. Алайда, олардың барлығы ЖОО ға түсіп, мамандық ала алмайды. Тіпті, мамандық алғандардың өзі бірден жұмысқа қабылдануы екіталай. Себебі - тәжірибе жоқ. Мәселен, былтыр елімізде мектеп бітірушілердің саны 147 мыңнан асқан. Солардың ішіндегі университетке түсе алмаған жастар қазір немен айналысып жүр? Жалпы, оларды үлкен өмірге дайындайтын мектептердің ахуалы қандай?

Оншақты жылдың жүзі болды, Алматы облысының шалғай ауданындағы мектептермен тығыз жұмыс істеп келе жатқанымызға. Жақсы оқитын оқушыларға өз қалтамыздан немесе ауыл жігіттерін ұйымдастырып шәкіртақы береміз. Мұндағы ойымыз оқушылардың білімге деген ынтасын одан әрі ұштай түсу ғой.

Мектептермен қоян-қолтық араласа жүріп ұққанымыз - әр мектептен мықтағанда 25-30 пайыз ғана оқушы жоғарғы оқу орны немесе колледждерге түседі екен. Олардың жоғары оқу орнын бітірген соң қаншасы жұмыспен қамтылатыны бір құдайға аян, әзірге білетініміз әйтеуір 4-5 жыл көлемінде студент атанып білім алып жатқандығы ғана. Ал жаңағы оқуға түспей қалған 70 пайыз қайтпек? (Оқуға түспей қалғанына оларды кінәлауға болмайды өйткені адамның бәрі қабілетті, дарынды болып туа беремейтіні ақиқат.)

Олар да бақтарын сынап қалаға ағылады да басым көпшілігінің атқаратын жұмыстары: 1. Күзетші. 2. Таксист. 3. Құрылысшы және өзге де қара жұмысшылар. Ал мұндай жұмыс істегісі келмейтіндер қылмыс жасап, түрмеге тоғытылып, темір торда отырушылардың қатарын көбейтеді. Бәрі өзіміздің қаракөз іні қарындастарымыз. Намысың келе ме? Келеді. Және бұл жыл сайын тоқтамай қайталанып отыратын үздіксіз процесс. Олар неге ауылда қалып жұмыс істемейді дегенге келсек ең масқарасы ауылда туып өссе де ауыл шаруашылығының қыр –сырын білмейді. Неге? Өйткені мектептерде баяғы кеңес үкіметі кезіндегідей ауыл шаруашылығына бейімдеп тәлім беретін еңбек кабинеттері мүлдем жоқтың қасы. Баяғы хан –талапай жекешелендіру кезінде тоналған ия болмаса ескірген. Істен шыққан. Баяғы еңбек сабағының орнына кәзір технология деген пән өтеді екен, өткенде барып көрсек ұлдар бисер тоқып, кесте тігіп отыр. Масқара!

Мұғалімді де кінәлай алмайсың. Пәндік құрылғылар болмаған соң қайтеді енді. Амалсыз бірдеңе үйрету керек . Нәтежиесінде сабаққа да қыры жоқ, шаруаның да жөнін білмейтін, жаңа технологияның исі мұрнына бармайтын болашақ күзетші, таксист, құрылысшы немесе қылмескерлер пайда болды. Қайтпек керек? Меніңше Үкімет тез арада мына шараларды қолға алу керек.

1.Еліміздегі мектептердің барлық еңбек кабинеттері тез арада жабдықталуы керек. Еңбек кабинеттерінің өзі ұлдарға екі және қыздарға екі кабинет арнайы жабдықталуы тиіс. Ұлдарға ағаш және темір өңдейтін станоктармен еркін жұмыс жасай алатын мүмкіндік жасалсын. Нәтежиесінде ұлдар жағы жоқ дегенде жиһаз жасап сата алады, одан мықтылары болашақ инженерлер және конструкторлар болып шығады.

Қыздардың еңбек кабинеттері тігіншілік пен тамақ жасауды үйрететін асхана кабинеті болып жабдықталуы тиіс. Болашақ дизайнерлер мен тігіншілер мектеп қабырғасынан ақ қалыптаса бастауы тиіс. Ал ас пісіруді мектеп жасынан үйретсе кәзіргі қоғамдағы ажырасу деп аталатын қорқынышты дерттің белгілі бір дәрежеде алдын алып, пайызын азайтады.

2. Ауылдық жерлердегі мектептерде агротехника пәні өз дәрежесінде жүргізіліп, оқу тәжірибелік алаңы түгелдей жаңартылсын. Мектеп қабырғасынан ақ болашақ шаруа қожалығының иелерін дайындауға болады.

3. Барлық мектептерде «Робототехника және жаңа технология» сыныбы ашылуы тиіс. Жаңа технологиядан қалу деген өмірдің ағысынан қалу деген сөз. Жапония сияқты жаңа технологиямен-ақ әлемді мойындатуға болады. Оған біздің оқушылардың қабілеті мен қарымы еркін жетеді. Тек бала күнінен баули білу керек.

Меніңше мектеп саласындағы осы үш бағыт қарқынды түрде жүргізілсе еліміздегі жұмыссыздық пен қылмыстың, ажырасудың деңгейін азайтып қана қоймай экономикалық өрлеудің іргетасы болып қаланатынына бек сенімдімін.

Жәнібек Әлікен

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 837
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 681
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 530
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 541